«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде қызмет аясы кеңейіп келеді

Президент Іс басқармасына қарасты Бурабайдағы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде қызмет аясы кеңейіп келеді. Сауықтыру кешенінде келушілерге арналған 10 емдеу бағдарламасы қарастырылған. Оның ішінде соңғы кездері келушілер арасында сұраныс артып келе жатқан бірқатар әдіс туралы  «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі вице-президенті Лаура Құсайынова айтып берді.

Лаура Құсайынованың айтуынша, 10 емдеу бағдарламасына физо-терапиялық және бальнеологиялық әдістер, жылумен және нафталанмен емдеу жатады. Мұндай әдістерді Кавказдағы минарлы сулары, Ресейдің Ессентуки, Кисловодск, Железноводск сынды қалаларындағы танымал курортты орындарда пайдаланады.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

Нафталанмен емдеу

Нафталанмен емдеу – мұнайдан жасалған күшті дәрі. 70-тен астам ауруға ем бұл дәріні адамдар 12 ғасырдан бері емдік бағытта қолданып келеді. Ол қанның тұтқырлығын төмендетеді, иммунитетті көтереді. Өкпенің жұмысын жақсартады. Ағзадағы қабыну процестерін тоқтатады. Анальгетикалық әсері бар. Буын, тірек-қозғалыс жүйесіне әсері мол. Экзема, псориаз сияқты әлемде кездесетін кез келген дерматит ауруларын емдейді.

«Әзербайжан кеңес заманынан-ақ осы Нафталанмен емдеу жүйесін жолға қойған. Қазақстан азаматтары дәл осы емді алу үшін сол елге баратын. Ал біз Нафталанмен емдеуді осыдан жарты жыл бұрын қолға алдық. Алғашқы уақытта ем алушылар саны аз болатын. Бүгінде күніне кемінде 10 адам осы емді алып жатыр. Сұраныс артуда. Осы ретте, бір ескере кететін жәйт, онкологияға шалдыққандар, туберкулездің ашық түріне ұшырағандар, ағзасында өткір жұқпалы ауруы, қан қысымы, жүрек ауруы барлар нафталанмен ем ала алмайды», — дейді Лаура Құсайынова.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

Өкпеге жаттығу

Сонымен бірге, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде COVID-19 пневмониясының жеңіл және орташа ауыр түріне шалдыққандар қалпына келу емдеу курстарынан өтеді. Жаттығу пневмонияның басқа түрлерімен ауыратындардың барлығына да көрсетіледі. Жұмыс күндері күніне 3 рет санаторийдің жаңа фитнес-залында білікті маманмен өкпеге арналған арнайы жаттығулар жасайды.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

Гирудотерапия

Бұл медициналық процедураның шипажайда қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Дегенмен, соған қарамастан келушілер тарапынан сұраныс жоғары. Гирудотерапия – денені сүліктермен табиғи емдеудің ең көне әдісі. Бұл процедура біршама асқынуларды алдын алады.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

«Сүліктер омыртқалы дискілердің арасына, зардап шеккен аймақтың үстіне және астына қойылады. Емшара массажбен, дәрі-дәрмектермен, дәрігер ұсынған диетамен бірге жүреді. Сүліктердің саны мен емдеу ұзақтығын гирудотерапевт пациенттердің ауруының диагнозы мен сатысы бойынша тағайындайды», — деп толықтырды Лаура Құсайынова.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

Пантамен емдеу 

Бұл ерте қартаюдың алдын алу, иммундық жүйені нығайту, күйзелісті жою және жүйке жүйесін қалпына келтіру, ағзадан улы заттарды шығару, сондай-ақ құяң — тұз жиналу, қан тамырларының бітелуі, қозғалыс қиындығы және жыныстық әлсіздік, жүрек ауруына қарсы күресте тиімділігі жоғары табиғи құралмен емдеу әдісі.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

Панта – жас марал мүйізінің жұмсақ затынан алынған жоғары биологиялық белсенді табиғи өнім, 2000 жылдан бері әлемге танымал және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде халық медицинасында қолданылады.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

Жан терапиясы 

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде «Жан терапиясы» инновациялық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ежелгі әдістер мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, «Жан терапиясы» қонақтарға «Денсаулық», «Үйлесімділік» және «Өмір» сияқты бірегей бағдарламаларды ұсынады.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

«Денсаулық» бағдарламасы — кәсіби терапевттер денені емдеу және қалпына келтіру үшін тек табиғи препараттарды, шөптер мен майларды пайдаланады. Гомеопатия, унани, сидда және натуропатия — бұл әдістердің барлығы пациенттердің физикалық жағдайын үйлестіруге бағытталған. Бұл процедуралар денеде энергия тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі.

«Үйлесімділік» бағдарламасы тәжірибелі нұсқаушылар мен психологтар жүргізетін жеке йога терапиясы мен психотерапияны ұсынады. Қонақтар өздерін және эмоцияларын тереңірек түсіне алады, йога тәжірибесі мен психологиялық сүйемелдеу арқылы ішкі тыныштыққа ие болады. Үнсіздікпен емдеу және арт-терапия ақыл-ойды артық шудан босатуға және психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектеседі. «Өмір» бағдарламасы қонақтарды көркем өнер мен ойын-сауық әлемінен ләззат алуға шақырады. Музыка, би, фильмдер және онлайн сабақтар шабыт пен қуаныш атмосферасын жасайды. Бұл бағдарлама қонақтарға бос уақыттарын әртараптандыруға және әр сәтте сұлулықты табуға үйренуге мүмкіндік береді. «Емделушілер «Жан терапиясының» толық курсын аяқтағаннан кейін дене тазартылады, психоэмоционалды жағдай жақсарады және сезімталдық оянады», — деп түйіндеді Лаура Құсайынова.

Айта кетсек, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені – жыл бойы қызмет көрсететін климаттық бальнеологиялық кешен. Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық базамен толықтырылған табиғи бірегей факторлар: қарағай орманының экологиялық таза ауасы, Балпаш сор көлінің емдік балшығы және Май Балық көлінің минералды суы, радонды терапия, қымызбен емдеу, «Құлагер – Арасан» минералды суы жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, тірек-қимыл аппараты, асқорыту, қан айналымы, эндокринді және жүйке жүйесі ауруларын, урологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеуге және оңалтуға мүмкіндік береді.

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені
Фото: «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені

Еске салайық, бұдан бұрын «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені жылына 10 мыңнан астам адамды қабылдайтынын жазған едік.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *