«Мектепке жол»: Құлсарыда 770 оқушыға мектеп құралдары берілді

Атырау облысының Құлсары қаласында 770 оқушы мектеп құралдарымен қамтылды.

Жылыой ауданының әкімдігінен мәлім еткендей, «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға сабақта пайдаланатын құралмен қамту қолға алынып отыр. Мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы ірі компаниялар Құлсары қаласындағы мектептердің оқушыларына сабаққа қажетті құралдарды алып беруді бастады. Жақында «Теңіз» кен орнынан Қара теңіз жағалауындағы айлаққа дейін құбырмен мұнай тасымалдайтын компания 370 оқушыны мектеп құралдарымен қамтамасыз еткен. Бұл оқушылар биыл мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр.

Қайырымдылық акциясына «Теңіз» кен орнын игеріп жатқан шетелдік инвесторлармен бірлескен кәсіпорынның еріктілері де қосылды. Олар «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық қоры арқылы 400 оқушыға мектеп құралдары салынған сөмке алып берген.

«Мектеп оқушыларын күнделікті сабақта пайдаланатын құрал-жабдықтармен қамтамасыз жалғасын табады. Алдағы апталарда бұл игі іске жеке кәсіпкерлер де атсалысқалы отыр. Қайырымдылық акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады», — деп мәлім етті аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсары дәрігерлері алғаш рет пышақсыз ота жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *