Бір тылсым жұрт бар. Олар Қытай Халық Республикасына қарасты Тибет автономиясында, Шығыс Түркістанмен шекаралас Али аймағындағы Кайлас тауында өмір сүреді. Сіз көріп отырған алтын төбелі тау — Қайлас тауының дәл өзі. Сіз Қайлас тауын тамашалау және ол жайлы терең сырды білу орайына ие болып отырған бақытты қазақ оқырманысыз. Олардың тұрған орындары Кашмирдағы түркі тілдес халықтардың қонысына өте жақын. Қайлас тауына Гитлер талай рет жаһангездерін жіберіп, олардан уақыттың ең сәтті кезін қолға келтіретін кілтін беру туралы көмек сұраған. Осы Қайлас тауында адамзат өркениетінің ең жұмбақ нүктесі болған Шамбалық қаласы орналасқан. Шамбалықты қазіргі уақытта Шамбала деген атаумен әлдеқашан естіп алған жандар көп болуы мүмкін. Қытай иелігіндегі аймақта өмір сүрсе де, жергілікті үкімет оларды өз басқаруына ала алмай отыр. Олар өздерін ескі бір тайпалардың атымен атайды. Бірақ, сөйлейтін тілдері қазіргі қазақ-қырғыз тіліне етене жақын. Қытай үкіметі олардың арасына сан түрлі адам жіберу арқылы олардың тілінің бүгінгі қазақ-қырғыз тілдері сияқты екенін біліп, әдейі олардың арасына бір қырғыз журналсит жіберген. Қырғыз журналист олардың арасында бір жыл тұрып қайтып келген. Жергілікті үкімет әскерлері оларды қанша бағындырмақ болсада, олар жай ойнатып қарлы боран соқтыру, нөсер жаудыру, бұршақ жаудыру, төбеден жай түсіріп адамдарды күйдіру арқылы ешкімді өзіне жақындатпаған. Олар өте тылсым өмір сүреді, негізінен көшпелі өмірде қодасты пайдаланады. Жылына екі рет тибеттер шоғырлы тұратын қалашықтарға келіп арпа-бидай алып қайтады. Жалпы саны бәрімізге жұмбақ.
Қырғыз журналист олардың арасынан қайтып келген соң осы адамдар жайлы көлемді мақала жарияланған. Ол мақалада ол адамдардың ерекше ұзақ өмір сүретіні, ортақ жасының 250 жасқа дейін жететіні, ғасыр жасаған қарттарының тым көптігі, осындай адам сенбейтін ертегідей ғұмыры мен білімі барлығы, табиғат күштерін меңгергені, тәуелсіз өмір сүретіні, ешкімге соқтықпайтыны, бір таудың қойнауынан басқа жерге бармай тұрақты мекендейтіні, ақ қар, көк мұзда көшпенді өмір сүріп мал бағатыны, соңында қырғыз журналсит олардың арасынан кетерде «біздің ішімізде көрген маңызды нәрселеріңді біреуге айтсаң, сол сәтте жаның бойыңнан шығып кетеді» деп оның жанын әлде бір затқа байлап тастағаны, өз құпияларын қатаң сақтауды талап еткені жайлы айтылған.
Оларды көшпенді түркілердің иесі деп айтуға да болады. Күллі көшпенділердің басына бұрын-соңды болмаған үлкен қатер төнсе олардың қарап жатпайтыны анық.
Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы



