Өйткені Көшіқон мәселесін біржақты етіп реттеуге байланысты Мемлекет Басшысы Үкіметімізге біршама тапсырмалар жүктеді. Осы тұрғыда Үкіметіміздің Демография және көшіқоны саясатының кеңейуіне байланысты Еңбек және халықты әлеументтік қорғау Министірлігі, оның Көшіқон комитетінен қолға алынып жатқан іс шараларды қолдаудың, және осы бастамаларды халыққа, соның ішінде қандастарға тұрақты жеткізіп, түсіндіріп отырудың орнын бөлек санаймын.
Біздегі бір кем дүние де осы. Әрбір қандастың жеке өміріне байланысты маңызды шешімдерді ең алды мен «естіп қане емес, қайта қайта оқып, маңызын түсінген» соң ғана сол шешімдерді қалай орындауға болатынын ойлану керек. Елаузынан естіп, немесе шала шарпы оқып, шала түсінгеннен соң «байбаламға» түсе бастаймыз.
Қазір алғашқы көш басталған тоқсаныншы жылдағыдан талап мүлде басқашаға айналды. Құжаттардың бәрі онлайн түрде, Егов арқылы тіркеледі. Жасанды интелект дамыды. Бұған қандастарымыз да бағытталғаны дұрыс. Егер басқа бір елге баратындарға мұнан да артық, өзгеше талаптар қойылады. Сол қойылған талаптар мүлтіксіз орындалатынын да қандастар жақсы біледі. Осындай замана талаптарға сәйкес 2026 жылы Қазақстанда қандастар мен иммигранттарға қатысты бірнеше маңызды пилоттық жобалар мен жаңа ережелер іске асырылуда. Мұның негізгі мақсаты еліміздің қауіпсіздігін сақтауға байланысты екені айтпаса да түсінікті.
Егер бағалай білсек бұлда қандастардың алдын ашуға арналған бағдар! Олардың ішіндегі ең негізгісі — мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бейімдеу бағдарламалары арқылы «оңай, және тез» жүргізе алатынын да.
Осындай нақты бағыт бағдарламалға шеттен келетін және келген қандастар мұқиат қарап, оның әрбір тармағын толықтай біліп тұруға тиіс.Астана қаласында қандастарға қызмет көрсету бағытында жұмыс жасайтын «Тұран орталығынан» ақыл кеңес, көмек алып отыруға болатынын да еске сала кетейін.
Мысалы басты бағыттар мен өзгерістер келесідей:
- Тұрақты тұру (Ықтиярхат) және «Қандас» мәртебесін беру пилоттық жобасы
ҚР Еңбек министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығымен «Шетелдіктерге ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» бойынша жаңа пилоттық жоба бекітілді. бұл жоба 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді.
- Негізгі шарты: Елге тұрақты тұруға келген иммигранттар мен қандастар enbek.kz платформасында анкетирование және бес кезеңдік цифрлық бағалаудан өтеді.
- Қазақ тілінен тест: Жоба аясында иммигранттар (соның ішінде қандастар да) КАЗТЕСТ жүйесі арқылы онлайн форматта қазақ тілін білу деңгейін (А1 деңгейі) тексеретін тестілеуден өтуі тиіс. (Бұл тармақ қоғамда және заңгерлер арасында «қандастардың репатриациясын қиындатады» деген кумән бар екені шындық.
- Бірақ қандай бір жаңа бастаманың алғашында солай болғаны мен қазақта «көш жүре түзеледі» деген шынайы аталы сөз бар. Ал, туындаған шынайы проблемаларды Үкімет қайта қарайтынын да еске алып, сабырлық танытуғ неге болмас. Сол үшін алдын ала қандастар мен ақылдасу үшін жобаны жария етіп отырған жоқ па? Тесті тапсырудан қорқудың қажеті жоқ. Қанадас алғашқы тапсырысында-ақ өте алады.
- Қандастарды бейімдеу және интеграциялау жобасы
Еліміздің бірқатар аймақтарында (мысалы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында) қандастар мен қоныс аударушыларды жаңа ортаға бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба жұмыс істейді.
Оның аясында келген азаматтарға құжаттандыру, медициналық көмек және заңгерлік кеңес берудің 25 түрлі қызметі көрсетіледі. Ары қарай көрсетілетін қызмет түрі арта береді. Қандастар келген ортаға қаншалықты бейімделсе сол дәрежеде өздерінің алды ашылады. Тек Павлодар емес қандастар келген барлық өңірлерде солай болады. Еңнегізі келген қандастарға жан жақты толық ақпарат беріп, оладың әр нәрседен хабардар болуына жасалып жатқан қамқорлықтың бұл аумағы кеңейе беретін болады.
- 2026 жылға арналған өңірлік квота және қолдау шаралары
2026 жылға арналған қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2 281 адам болып бекітілді (негізінен жұмыс күші қажет солтүстік және шығыс аймақтар: Павлодар, Ақмола, Абай, ШҚО, СҚО, Қостанай облыстары).
Квотаға енген қандастарға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары беріледі:
- Көшуге субсидия: Отбасының әрбір мүшесіне біржолғы 70 АЕК төленеді.
- Тұрғын үй жалдауға көмек: 12 ай бойы ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін субсидия беріледі.
- Экономикалық мобильділік сертификаты: Баспана сатып алуға арналған қаржылық көмек. Қараңызшы! Мұқияат зерделеген адамға бәрі түсінікті, бәрі оңай, тек кәдеге жарата білсек пайдасын беретін маңызды бағыттар!
Пилоттық жобаның негізгі шарттары мен талаптары
2026 жылы іске қосылған «Қандас» мәртебесін беру және ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алу» жөніндегі цифрлық пилоттық жобаның негізгі мақсаты — көші-қон процесін толық цифрландыру және үміткерлерді іріктеуді автоматтандыру.
Жобаның бірлескен бұйрығы 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Осы пилоттық жоба аясында қандас мәртебесін алуға үміткерлерге қойылатын негізгі шарттар мен кезеңдік талаптар мынадай:
- Бес кезеңнен тұратын цифрлық бағалау (Балдық жүйе)
Үміткерлер migration.enbek.kz платформасы арқылы бес кезеңді қамтитын цифрлық бағалаудан өтеді және жүйе критерийлер бойынша балдарды автоматты түрде есептейді:
- 1-кезең: Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау (ҚАЗТЕСТ). Ең басты жаңа талаптардың бірі — үміткерлер app.testcenter.kz сайтында онлайн форматта қазақ тілінен тест тапсыруы тиіс. Тест екі бөлімнен (тыңдалым — 20 сұрақ, оқылым — 40 сұрақ) тұрады. Мәртебе алу үшін әр бөлімнен кемінде 70% нәтиже көрсету қажет. Сәтсіз болған жағдайда, 30 күн ішінде 2 ретке дейін қайта тапсыруға рұқсат бар.
- 2-кезең: Көшіп келушінің сауалнамасы. Платформада жеке бас деректері, білімі, мамандығы, еңбек өтілі, денсаулық жағдайы және соттылығының бар-жоғы туралы толық анкета толтырылады.
- 3-кезең: Құжаттарды тексеру және верификация. Мемлекеттік органдар үміткердің ұсынған құжаттарының (соның ішінде этникалық қазақ екенін растайтын құжаттардың) шынайылығын тексеред.
- 4-кезең: Онлайн әңгімелесу (Интервью). Отырған еліндегі Қазақстан елшілігі немесе консулдығы арқылы (егер шетелде болса) арнайы комиссиямен әңгімелесуден өтеді.
- 5-кезең: Балдарды қорытындылау және шешім. Барлық критерийлер бойынша жеткілікті балл жинаған үміткерлерге қандас мәртебесін беру туралы оң шешім шығарылады.
- Белгіленген өңірлерде міндетті түрде тұру шарты
Пилоттық жоба бойынша мәртебе алған қандастар Үкімет айқындаған солтүстік және шығыс өңірлерге (Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары және т.б.) қоныстануы тиіс.
Міндетті қоныстану талабынан босатылатын ерекше санаттар (Ерекшеліктер):
Жаңа ереже бойынша белгілі бір өңірде тұру талабы келесі адамдарға міндетті емес:
- Кәмелетке толмаған балаларға.
- Қазақстан экономикасына инвестиция құятын инвесторларға.
- Елімізде тапшы, жоғары сұранысқа ие мамандық (квалификация) иелеріне.
- Ұлттық экономикаға елеулі үлес қосқан, бірегей құзыреттілігі бар немесе басым жобаларға қатысушы тұлғаларға.
- Техникалық талаптар
Тестілеу және құжат өткізу толықтай онлайн форматқа көшкендіктен, үміткердің компьютерінде камера мен микрофонның болуы және интернет байланысының тұрақты болуы міндетті, себебі тест барысы прокторинг (бейнебақылау) жүйесімен қадағаланады.
Мүгедектігі бар жандар өтінім беру кезінде растайтын құжаттарын тіркесе, оларға тест уақытына қосымша 40 минут беріледі және ымдау тілі маманының көмегі қарастырылады.
2026 жылға арналған өңірлік квота және мемелекеттік көмек
2026 жылы Қазақстан Үкіметі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын 8 278 адам көлемінде бекітті. Бұл квота аясында белгіленген аймақтарға көшіп барған отандастарымызға ауқымды мемлекеттік қаржылай және әлеуметтік көмек пакеті беріледі.
Төменде 2026 жылға арналған өңірлік бөлініс пен көрсетілетін көмек түрлерінің нақты мөлшері ұсынылған:
- 2026 жылға арналған өңірлік квота бөлінісі
Жалпы квотаның 2 281-і қандастарға, ал 5 997-сі еңбек күші тапшы өңірлерге ішкі қоныс аударушыларға арналған. Қандастарды қабылдайтын негізгі облыстар бойынша орындар келесідей бөлінді:
- Павлодар облысы – 977 адам
- Ақмола облысы – 285 адам
- Абай облысы – 264 адам
- Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) – 200 адам
- Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) – 200 адам
- Қостанай облысы – 200 адам
- Атырау облысы – 125 адам
- Батыс Қазақстан облысы (БҚО) – 30 адам
- Квотаға енген қандастарға берілетін мемлекеттік көмек
Егер қандас мәртебесін алған тұлға жоғарыда аталған өңірлердің біріне қоныстанса, мемлекет тарапынан мынадай қолдау шараларын алуға құқылы:
| Көмек түрі | Төлем мөлшері мен шарттары |
| Көшуге арналған біржолғы субсидия | Отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (шамамен 300 000 теңгеден астам) беріледі. Санына шектеу жоқ, отбасында қанша адам болса, сонша еселеніп төленеді. |
| Тұрғын үй жалдау және коммуналдық шығындарды жабу | 12 ай бойы ай сайын төленеді. Мөлшері отбасы құрамы мен қоныстанған жерге байланысты: • Қалалық жерде: 20-дан 30 АЕК-ке дейін • Ауылдық жерде: 15-тен 21 АЕК-ке дейін |
| Экономикалық мобильділік сертификаты | Баспана сатып алуға немесе үй салуға берілетін біржолғы қайтарымсыз көмек. Мөлшері — 1 625 АЕК (шамамен 7 миллион теңге төңірегінде). Тұрғын үй құнының 50%-на дейінгі бөлігін жаба алады. |
| Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік | Жаңа орынға бейімделу үшін бос жұмыс орындары ұсынылады, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуге болады немесе жеке бизнес ашуға гранттар мен жеңілдетілген шағын несиелер қарастырылған. |
- Маңызды шарттар мен талаптар
- Міндетті мерзім: Мемлекеттік көмек пен субсидия алған қандастар сол өңірде кемінде 5 жыл бойы тұруға және жұмыс істеуге міндетті.
- Төлемдерді қайтару: Егер қандас өз еркімен 5 жыл толмай жатып бұл өңірден көшіп кетсе немесе ҚР азаматтығынан бас тартса, алған барлық мемлекеттік көмек ақшасын (субсидия, сертификат т.б.) үкіметке толық көлемде қайтаруға мәжбүр болады.
Р.S.
-Міне, қойылып отырған шарттар мен талаптар да орындалмайтындай ешбір қиындық жоқ. Осы талап пен шарттарды орындауға аталмыш ұйымдар қолдау көрсетіп отырады. Тіпті осы қызметтерді Көшқон комитетінен бір нүкте, бір терезе арқылы жүргізу қарастырылып отырғаны да жасырын емес. Биыл Тәуелсіздігімізге 35 жыл толды. Оның үстіне Көшқонымыза да 35 жыл толды. Мұны Президентіміз «Ұлы көш» деп атады. Оның Үстіне Ата заңымызды жаңаладық, Президент Бастамсы мен Әділетті Үкіметті құруға бел шеше кірістік. Әділет партиясын құрдық. Жаңа құрылтайымызды жасақтадық. Ең негізі Халқы мен бірге болған Үкіметімізді қалыптастырдық. Осы тұрғыда Мемлекетіміздің демография, Көшіқон саласы қарқынды дамып, бар қазақты бір қазақ етудегі Президентіміздің салиқалы саясаты жүзеге асатын болады. Бәрінен де еліміз аман болса Көштің екінші дәуірі еліміз көлемінде басталып,халық саны Өзбек ағайындар дәрежесіне жетер, халықтың тірлігі де жақсара түсер. Сондықтан келген ағайындар барлығына түсінушілік пен қарап ортаға беделді сыйымды боламыз деп ойлаймын! Осы тұрғыда мемлекетімізден жарияланған пилоттық жобаны ең алдымен толық оқиық, дұрыс түсінейік, онанан кейін көшіқон ұйымдар мен біріге жұмыс жасайық! Артық сөйлеп, көп сынай бергенен гөрі түсінушілік танытып, келген ортаны сыйлаудың өзі парасаттылығымызды көрсетеді, ағайындар!
Үзбен Құрманбайұлы
Әлем Қазақтары Журналының бас редакторы


