МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА КЕҢЕС БЕРЕТІН…
Миллион долларға кеңес беретін әлемдегі жетекші бизнес-коуч ТОНИ РОББИНСтің дәрісін көріп, кеңестерін жинақтап ұсындым:
— Нағыз көшбасшылар уақытының 5% — ын мәселені түсінуге, ал 95% — ын шешуге жұмсайды…
— Сенің өмірің шешім қабылдап, қозғала бастағаныңда өзгере бастайды…
— Біздің өміріміздің мәні мен мағынасы қандайбір нәрсе алу емес, қандайбір нәрсе беріп, бір адам болу…
— Адамдар өмірдегі белгілі бір нәрсеге көбірек назар аударған кезде не нәрсеге жете алатынын елестете де алмайды…
— Сен 30 секундтан астам ашулансаң, бұл көңіл-күйдің қалдығын денеңде тағы 5 сағат сақталады…
— Сенің өткенің мен болашағың бірдей болуға болмайды…
— Жалқау адам деген жоқ. Шабыт, ынта бермейтін мақсат қана болады…
— Шынайы шешім деп сен ол шешімнен кейін жаңа әрекет жасауды айтады. Егер ешқандай әрекет болмаса, онда сен шешім қабылдаған жоқсың…
— Көптеген адам өмірде не істеу керектігін біледі. Бірақ санаулы адамдар ғана не істеп жатқанын біледі. Білу жеткіліксіз, қозғалу керек…
— Сенің табысың, бұл сенің таңдауың, ол жаһандық экономикалық проблема емес…
— Сен кім болсаң да, істеген ісіңді ұнатпасаң, сен керемет адам бола алмайсың…
— Егер өз өміріңді басқарғың келсе, сен өзіңнің күнделікті өміріңді бақылауың керек. Біздің өмірімізге қайбір күні істеген ісіміз әсер етпейді, күнделікті істейтін ісіміз әсер етеді…
— Санаулы бірнеше адам мақсатына жетеді. Басқа адамдардың мақсатына жете алмауының бір ғана себебі, назарын шоғырландыра алмауында. Көптеген адам тек ағынмен өмір сүреді…
— Біздің басты проблемамыз-кез келген мәселені жаман нәрсе деп ойлауымыз. Бірақ шын мәнінде, проблемалардың көмегімен біз өсеміз, ілгерілейміз, өзгереміз…
— «Қайбір күні» деген жол «ешқайда» деген жерге жеткізеді…
— Сен үнемі істеп жатқан ісіңді жалғастырып істей берсең, алатын нәрсеңді ғана ала бересің…
— Не істеріңізді білмей тұрсың ба? Онда білетін нәрсеңді істе…
— Әлдебір нәрсеге шынайы ниетпен айналысатын адам нағыз бақыт пен өмірдің рахатын түсінеді…
— Егер сен табысты болғың келсе, табысқа жеткен адамды тауып, оның соңынан ер. Сонда сенде жетістікке жетесің…
— Қамқорлық пен сүйіспеншілік деген 2 нәрсе сенің өміріңді өзгертетін сарқылмас қайнар…
— Мақсатыңды анықтауың арманыңды жүзеге асырудың алғашқы қадамы…
— Табысты адамдар сұрақты нақты қояды және егжей-тегжейлі жауап алады…
— Өз өміріңді керемет ет.
Таң қалатын адамың сияқты адам бол…
— Мен адамдарға көмектескен сайын, соғұрлым өзіме көп алатынымды түсінемін
— Үнемі жетіл, өзіңді дамыт. Ешқашан тоқтама!..
Аударған Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

