Қазақтың Байқоңыр деген қасиетті жерінен адамның Айға қарай сапары басталған. Ал адам баласы Айға соңғы рет табан тірегелі де 50 жылдан асты. Содан бері Жерден небәрі 400 шақырым ұзап, орбитада үй маңындағы балаша айналып жүрді. Ал кеше түнде, 1-нен 2-не қараған түні (2026 жыл, сәуір) «Артемида ІІ» көкке атылды. Ол Жерден 1000 есе алысқа — 400 мың шақырымға шырқамақ. Бұл адамның өз шекарасынан асуға ұмтылысы.
Шер-ағаша айтсам «бір кем дүние»… Ғарышқа ұмтылыс қазақ жерінде бастау алды. Бірақ соны қазақ баласы игере алмады. Ай планета ғана емес, енді жаңа майдан алаңы. Бұрынғыдай емес, Айға «барып қайту» мақсаты өзгерді. Ендігі мақсат Айда «қалып қалу». Солайша Әлемге әмір жүргізу. Бүгінде АҚШ пен Қытай арасындағы бәйге қызып тұр. Олжас айтқан «Глобусты санаға сыйғызу» кезеңі өтті, енді глобустан тысқары шығу дәуірі басталды. Маркестің «Жүз жылдық жалғыздығы» сияқты, адамзат Ай бетіндегі өз «Макондосын» құрғысы келеді. Айға «кім қожайын болмақ?» деген тартыс, ертең жердегі пенделердің тәңірі «кім болмақ» ақиқатқа апарады.
АҚШ Айда өз бекінісін сала бастайды деген қауесет емес шындыққа айнала бастады. Одан әрі Марсты игеру. Міне әлемде осындай жаңалықтар орын алуда. Келер Ұрпақ алдында Ел мен Жерді қорғауға, Мемлекет пен Тәуелсіздікті сақтауға тағы да қандай Жауапкершілік артыларын болжау мүмкін емес.
Біз Жастарға сенеміз. Жастар келер толқынға үміттенер….



