Жас жігіт әкесін жетелеп адам тола мейрамханаға кіреді…
Тапсырыс берген үстеліне отырып, тамақ алдырады…
Әкесі кәртейгендіктен тамақ ішкенде қолдары қалтырап, тамағының жартысын жейдесі мен шалбарына ағызып тамшылап, төгіп алыпты…
Мейрамханадағы барлық адам тыжырынып, бұл көріністі жақтырмай бақылап отырды…
Алайда оның ұлы сабырлы еді…
Ол ешбір ұялмады…
Әкесін тамақтандырып болған бола сала онымен бірге жуынатын бөлмеге барды…
Әкесінің көйлегіне төгілген тамақ пен дақтарды тазалап, шашын тарап берді…
Екеуі тазалық бөлмесінен шыққан кезде, мейрамханадағы адамдар оларға үн-түнсіз қарап қалыпты…
Бала есепшотты төлеп әкесімен бірге шығар есікке жақындаған кезде бір кәртең адам:
— «Балам, сен ештеңе қалдырмадың ба», — деп сұрады…
— «Жоқ, ағай. Мен ештеңе қалдырмадым»-дегенде әлгі кісі:
– «Сен қалдырдың, балам…
БАРЛЫҚ АДАМҒА САБАҚ..
ӘРБІР ӘКЕГЕ ҮМІТ»-депті…
Бір кездері бізге қамқорлық жасаған адамдарға қамқорлық жасау біздің абыройымыз және ең жоғарғы ҚҰРМЕТІМІЗ болуы тиіс…
Аударған Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ



