Ұшақ тазалаушы жас ұшқыштың кабинасын тазалап жүріп «Ұшақты басқару жөніндегі әуесқойларға арналған нұсқаулық, 1-том» атты кітапқа тап болады…
Бірінші бетті аударып, қараса…
«Қозғалтқышты іске қосу үшін қызыл түймені бас», — деген жазуды оқиды…
Қызыл түймені басып еді ұшақ қозғалтқышы гүрілдей бастады…
Көңілі алып ұшқан жас жігіт келесі бет ашып еді…
«Ұшақты жылжыту үшін көк түймені бас» деген жазуды оқиды…
Басып еді, ұшақ баяу қозғалып, аздан соң жылдамдықты арттырды…
Ұшып көргісі келген жігіт 3-бетті ашыпты…
Нұсқаулықта: «Ұшу үшін жасыл түймені бас»делінген…
Нұсқауларға сәйкес, түйме басып еді, ұшақ көтеріліп ұшып, жас жігіт қуаныштан толқып кетті…
20 минуттай ұшып, көңілі орныққан соң жас жігіт қонуға шешім қабылдады…
Әлгі кітаптың 4-бетін ашыпты…
«Ұшағыңды жерге қалай қондыру туралы нұсқаулар алғың келсе, ең жақын жердегі кітап дүкенінен бұл нұсқаулықтың екінші томын сатып алуың керек», — деген жазуды оқыпты…
САБАҚ:
— Толық мәлімет алмай әлдебір нәрсе жасауға ешқашан асықпа…
— Есіңде болсын, шала білім өте қауіпті, ол сені жойып, құртып жіберуі де мүмкін…
Аударған Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ



