Париж-2024: Қазақстан құрамасындағы ең жас және ең егде спортшы кім

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың ең жасы кішісі 17 жаста болса, ең егдесі — 37 жаста.

Ең жас спортшы таеквондошы — Батырхан Төлеуғали. Оның жасы небары — 17 жас. Ал ең егде спортшының жасы биыл 37-ге толып отыр.

Ол — семсерлесу спортынан сынға түсетін Эльмир Әлімжанов.

семсер
Фото: ҰОК

Сонымен қатар назарларыңызға ұлттық құрама спортшылары жайлы 10 дерек ұсынамыз.

— Жалпы Қазақстан қоржынында 25 спорт түрінен 80 спортшыда 92 лицензия бар. Ең көп лицензияны боксшылар жеңіп алған (10 лицензия).

— Париж Олимпиадасына баратын 54 атлет жазғы ойындарға алғаш рет қатысқалы отыр.

— Брейкинг пен бадминтоннан Қазақстан бірінші рет Олимпиада жолдамасын иеленді. Брейкингтен Әмір Закиров, бадминтоннан Дмитрий Панарин ел намысын қорғайды.

— Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет командалық жарыста бақ сынайды.

— Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші рет жазғы ойындарға үш спортшы апарады.

— Қазақстан алғаш рет гимнастиканың үш түрінен (батуттағы, спорттық және көркем) жазғы Олимпиадада сынға түседі.

— Ең жас спортшы — 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо).

— Ең егде спортшы — 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу).

— Қазақстан құрамасының сапында жазғы ойындарға төртінші рет қатысатын екі спортшы бар. 

— Олар — жеңіл атлет Ольга Сафронова мен академиялық есу шебері Владислав Яковлев.

— Елдос Сметов (дзюдо), Кирилл Герасименко (үстел теннисі) және Елена Потапенко (қазіргі бессайыс) Олимпиада ойындарына үшінші рет қатысқалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығына белгіленген.

Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.

Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *