Жеңіс Қасымбек Amanat партиясының қалалық филиалы базасында азаматтарды қабылдады

0
15

Астана қаласы әкімінің қабылдауына келген тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді. 

Мәселен, тұрғын үй мәселесі бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр.

«Нақтырақ айтқанда, кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік пәтерлердің құрылысы, апатты жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін аяқтау, үйлерді жөндеу», — деп жазды қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар (мектептер, спорт және медицина нысандары) құрылысының көлемі ұлғайды. Сол сияқты биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде аяқталды.

«Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу барысын бақылауда ұстаймыз», — деді Жеңіс Қасымбек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь