Астаналық оқушылар теңіз әлеміне саяхат жасады

0
81

Байқоңыр ауданының оқушылары теңіз әлеміне саяхат жасады.

 

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні қарсаңында «Байқоңыр» ауданының оқушылары елордадағы «Айленд» ойын-сауық орталығына барды. Онда океанариум, экзотариум залдарын тамашалап, теңіз әлеміне саяхат жасады.

Олар аквариумға кірген кезде балалар бірден теңіз әлеміндегі ғажайып атмосфераны сезінді. Түрлі-түсті балықтар мен маржандарға толы үлкен аквариум оларды қатты қуантты. Айналаның бәрі ертегілер әлеміндей болып көрінді.

«Осы орайда аталған іс-шараға қолдау білдірген «Айленд» ойын-сауық орталығына алғысымызды білдіреміз. Мереке қарсаңында балаларға арналған бұқаралық шаралар әлі де жалғасады», — деп жазылған хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь