Филармонияның камералық залында 14 желтоқсанда сағат 17:00-де «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің «Қоңыр үнді аманат» атты күй кеші өтеді.
Бұл кеште қазақтың ұлттық мұрасы саналатын халық күйлері мен ұлы күйші-композиторлардың жауһар шығармалары орындалады. «Сарыарқа» халық музыка ансамблімен бірге көрермендерге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанғали Жүзбай (домбыра), мәдениет саласының үздіктері Еділ Басығараев, Қайрат Айтбаев, Ерболат Сапуанов, сондай-ақ дәстүрлі музыка орындаушылары өнер көрсетеді.
Кештің арнайы қонағы – күйші Қызырбек Жанасыл (Қытай).
Бағдарламада Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Қазанғап, Сүгір сынды әйгілі күйшілердің таңдаулы туындылары мен сирек орындалатын халық күйлері ұсынылады. Сонымен қатар, қобыз, адырна, тастауық сияқты қазақтың көне аспаптарының ерекше үнімен танысуға мүмкіндік бар.