-Құрметті Үзбен Құрманбайұлы, әңгімеңізді тыңдаған сайын адам жаны рахатқа бөленеді екен, Тағы рахмет! Үлкен іске бет бұрған екенбіз, барлығы Мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін екені түсінікті. Ойыңызды тағы жалғастыруыңызды сұраймын. Сіз «адамзаттың ақжолын мейірімділік заңдылығы ғана ашады» кітабын жаздыңыз, алдында «Қазақ философиясы» кітабын және «Мейрімді қоғамның пайдасы», сонымен қоса «Президент және Жаңа-Қазақстан» кітаптарыңыз жарық көрді. Қысқасы мейірімділік заңдылығы жолын ұсындыңыз, алдағы уақытта мейірімділік заңдылығы жолын мемлекет саясаты ретінде ұстанған сәттен бастап дүниенің оңалатынына көз жеткіздіңіз. Адамзат баласының ақжолын ашып, әлем халқын тығырықтан шығаратын Мейірімділік заңдылығынан өзге жол әлемді жеті айналсақ та таппаймыз деп кесіп айтып жүрсіз. Онда сол заңдылық тұралы анығырақ айтып берсеңіз?
-Жарайды, мұндай заңдылықтың бар екенін әзірге адамзат баласы танып білген жоқ, яғни ашып, қолданысқа енгізген жоқ. Мен бұл жерде мейірімділік заңдылығы деп Жаратушыны меңзеп отырмын. Қазақ жаратылысынан Жаратушысын танып білген халық, адам да, ғылым да құдай бола алмайды. Біз осы тұрғыда көптеген қателіктер жасадық, ақыры құдайын білмегендер өздерін құдай санады, жер бетінде ауыр күнәлар жасалды, қатегездік пайда болы, ең жаманы адамдар бірін бірі қанады, онымен тынбай бірін бірі өлтірді, арсыздық асқынды, адамдар қайуанмен шатасты, ақыры туған қызымен жыныстық қатынасқа түсе бастады, әлемде экономика соғысы адамзатты құртатын қырғын соғысқа айналды. Қазір адамзат баласының өмірі пышақтың жүзінде тұр. Қанаушылық шектен шықты. Байлар мен кедейлердің арасы жермен көктей болды. Әлемде «бірің өліп, бірің қал» деген қатегездік, жауыздық саясат пайда болды. Осындай кінәратқа адамзат баласы қалай тап болды. Мұның шет жағасын өзімізде көре бастадық. Сыбайлас, жемқорлықты жоямыз деп талпынғанымызбен азаятын түрі жоқ, оның үстіне қымбатшылыққа ауыздық жоқ болды. Осындай кінәраттың барлығын біз басшылардан, жеке адамдардан іздеп, бастықтарды ауыстыра қойсақ барылығы түзеледі, оңалады деп ойлаймыз. Шынақиқатында бастықтарды он рет ауыстырса да жағдай өзгермейді, керісінше ушыға береді. Енді бізде осылай адасуға болмайды. Сол үшін қоғамды бастап, қозғалтып тұрған сол қоғамдағы қатегез саясатты жұмсартуымыз керек. Мейірімділік заңдылығын бүгінгі мемлекетіміздің саясатына ұштастыруды ұсынып отырмын. Қысқасы қыйындықтан шығудың жалғыз ғана жолы қалды. Ол Алланың мұғжизасымен келген жаратушының Мейірімділік заңдылығы жолы. Мұны біз қазақ даналығы, Қазақ философиясы деп атаймыз. Осы жолды БҰҰ-на ұсындық. Бұл теориялық тұрғыда адамзаттың ақжолын ашатын үлкен ғылым. Мұны жетілдіретін ғылыми институттер құрылуы керек, осы тақырыпта ғылыми еңбектер жазылып, қорғалатын болса құба-құп. Біз қазақ даналығын, қазақ философиясын дамытуда қалыс қалдық, қазір жаратушыны танып білуде ашқан ешбір жаңалығымыз жоқ. Енді ойлануымыз керек, неде болса Мемлекетіміз құрылғанына 800, қазақ атауы пайда болғанына 6,0 мың жыл толғанына көз жеткіздік. Енді міне, 18,0 мың ғалам, табиғат адам барлығы Жаратушының мейірімі арқылы жаратылып, Алла өзінің мейірімділік заңдылығы арқылы басқарып тұрғанына енді ғана көз жеткіздік. Жаратушының мейірімділік заңдылығының күші қане барлығына жететітінін зерттеп білдік. Енді осы заңдылықтың артықшылығына қысқа тоқталайын.