Ризабек Айтмұхан 24 жылдан кейінгі тарихи алтынды жеңіп алды

Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 кг) Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын жүлдені жеңіп алды.

Ол – еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанған төртінші балуан. Осыған дейін Рамзан Муртазалиев (1996 жылы), Әбіл Ибрагимов пен Иосиф Момцелидзе (2000 жылы) әнұранымызды шырқатқан болатын. Міне, кеше ғана араға 24 жыл салып Ризабек Айтмұхан сол сара жолды жалғады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

20 жасқа дейінгі спортшылар арасында 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *