Паралимпиада-2024: Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.

Бүгін пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 класында ел намысын қорғаған Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды.

Ол қола жүлде үшін белдесуде итальяндық Каролина Костадан басым түсті. Бұған дейін, жұбаныш белдесуінде, Зарина австралиялық Тейлор Госенсті иппонмен жеңген болатын. Ширек финалда Раифова қытайлық Ван Х. иппонмен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының медальдар саны 10-ға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 4 қолаға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *