ПРЕЗИДЕНТІМІЗГЕ СӘТ САПАР !

ҚР-сы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау

                 министірі Светлана Жақыповаға

Құрметті    Қабыкенқызы!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғол еліне сапарына байланысты Моңғолиядан ата-жұртым деп қарашаңырағына оралған қандастар атынан ерекшелеп отырып жалғыз ғана тілек айтпақпыз. Ол өзіңіз және Премьер министрдің орын басары Тамара Дүйсенқызы жақсы білетін, Парламентке талай рет таныстырылған, екі Үкіметтің арасында бірнеше сөйлесіліп бүгінге дейін шешімін таппаған,  қандастарымыздың зейнетақы мәселесі. Қысқасы, Моңғолиядан көшіп келген қандастар сол елде  өтеген еңбегінің өтіліне тиеселі зейнетақысын күні бүгінге дейін ала алмай қиналып жүр.  Осында келіп зейнет демалысына шыққанда небәрі отыз, қырық мың тенге  алып жүргенқаншама адамдар «енді қалай тірлік етеміз, үй-іш, бала –шағамызды қалай асыраймыз» деп  уайымдаумен  күн көруде.  Олардың  бір шамасы о дүниеге кетті. Шын ақиқатында көзі тірісінде қоғамға өтеген еңбегіне тиеселі қақысын қай елде жүрсе де толығынан алуға тиісті екені барлық елдердің еңбек заңында  анық көрсетілген.  Және де БҰҰ-ы бекіткен «адам  құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында»  айдан анық жазылғанын  Сіз жақсы білесіз. Бұл  декларацияға Моңғолия да, Қазақстан  да қол қойған демократиялық елдер тұрғысында азаматтарды қиыншылыққа қалдырмауға тиіс. Бұл  шын ақиқатында  адам құқығын бұзған  қылмыс  ретінде саналатынын  ойлануымыз  керек. Осындай қиыншылыққа байланысты соңғы жылдары көшіп келген көптеген ағайындар зейнетақысын толық ала алмайтын болғандықтан Қазақстан азаматтығын алмай, екі орта да ықтаяр хат арқылы  екі жақты жүр. Сондықтан  көшіп келген ағайындардың зейнетақысын толығынан беріп тұруға мемлекетіміздің әлеуеті де, дәулетіде жететінін Президентімізге таныстырып  Өзіңіз шешіп беруіңізді сұраймыз. Немесе Президентімізге жалғастырып, Моңғолияға жасайтын осы жолғы сапарында мәселе қойып, сол жақта өтеген еңбек өтіліне тиеселі зейнетақысын Моңғолия Үкіметіне көтерту мәселесін бір жақты етіп беруіңізді өтінемін.

Президентіміз Моңғолияға сапары  барысында адам тағдырына байланысты осы бір өзекті мәселені шешіп, қандастарды қуантады деген сенімдеміз.

Президентіміздің сапары сәтті, барлығы оңынан болсын!

Ізгі ниет, зор құрметпен

Моңғолияда ұзақ жылдар бойы аудан басқарған, 2012жылы көшіп, қазір Ақмола облысының Махинка  ауданында  ауылымен тұрып жатқан 82 жастағы ардагер, қоғам қараткері  Байболат Бүтікеұлы.  

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *