Елордада «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің директоры сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды.

Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және оның 118 млн теңгенің 996 тонна мөлшеріндегі өнімнің бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды.

Күдіктіге сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *