Елордалық полицейлер танысының үйінен ұрлық жасаған әйелді анықтады

Жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 34  жастағы әйелді анықтады. 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленуші әйелмен үйдің ауласында кездейсоқ танысқан. Әңгіме барысында жәбірленуші әйелді үйіне шақырып, бірге шай ішуді ұсынған. Пәтер иесінің басқа бөлмеге кеткен сәтін пайдаланған күдікті үйден сөмке мен Infinix телефонын алып, ізін суытқан. Келтірілген материалдық шығын 205 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *