«5 НЕГЕ?»

0
111

Сакучи Тойоданың ашық ойлау әдісі…

«Toyota» компаниясының негізін қалаушы Сакучи Тойода кез келген мәселенің түп-тамырын табудың қарапайым, бірақ күшті әдісін жасады…

Ол  «5 неге?» деп аталады…

Әдіс өте қарапайым: өзіңе қатарынан бес сұрақ қой:

«Неге?» деп сұра…

Әрбір жауап сені тереңге жетелейді және сенің әрекеттерің мен тілектеріңнің шынайы себебін ашады…

Мысалға:

«Мен неге жаңа телефон алғым келеді?»

  • Өйткені заманауи және қымбат…

«Неліктен мен заманауи және қымбат телефон алғым келеді?»

Басқаларды таң қалдырғым келеді…

«Неге басқаларды таң қалдырғым келеді?»

Мойындағанын және бағалағанын қалаймын…

«Неге бағалағанын қалаймын?»

Себебі, өзімді бағаланбай жүргендей сезінемін…

«Неліктен өзімді бағаланбай жүргендей сезінемін?»

Өйткені істеп жүрген жұмысыма көңілім толмайды, мән- мағына бермейді…»

Осылайша шындық ашылады:

Телефон мәселе емес екен…

Нақты себеп өзін-өзі бағалау сезімі және өмірдің мәнімен байланысты болды…

Неліктен бұл әдісті қолдану керек?

Жеке өмірде:

— Ішкі мотивтерді, қорқыныштарды және құпия тілектерді ашады…

— Өзіңді тіптен тереңірек түсінуге көмектеседі…

Іскерлік және жұмыс ортасында:

— Мәселенің терең тамырын тауып, сыртқы белгілерді емес, себебін емдейді…

Бұл бізді не нәрсеге итермелейтінін, неден қорқатынымызды, қандай абстрактілі нәрселермен айналысатынымызды танудың тәсілі…

Ең бастысы: нақты қажеттіліктерді жалған «бақыттан» ажырататын ақылды кілт…

Дұрыс сұрақ кейде барлық көзқарастарды өзгертеді…

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь