МИЛЛИОНДАҒАН АДАМДЫ АШТЫҚТАН ҚҰТҚАРҒАН

0
90

2007 жылдың қаңтар айында қарапайым ғана идея арқылы миллиондаған адамды аштықтан құтқарған бір тұлға өмірден өтті…

Момофуку Андо бүкіл әлемдегі студент жастардың, жұмысбасты ата-аналардың және табиғи апаттан зардап шеккендердің күнделікті қажетіне айналған бір дүниені ойлап тапқан адам…

Оның өнертабысы не еді?

Бұл, дәл қазір сіздің ас үйіңіздегі шкафта тұрған дайын кеспе (лапша)…

Көп адамдар зейнетке шығуды ойлай бастайтын 48 жасында Андо әлемді өзгертетін ісін енді ғана бастапты…

Момофуку Андоның жолы соғыстан кейінгі Жапонияда басталды. Ол суықта бір табақ кеспе жеу үшін кезекте тұрған аш адамдарды көріп, осы идеяға келген екен…

Бұл көрініс әлемдік тамақтану мәдениетін өзгертетін ойдың тууына себеп болды…

1958 жылы, 48 жасында, үйінің артындағы қоймада сан рет сәтсіз тәжірибе жасап жүріп, әлемдегі алғашқы дайын кеспе – “Chicken Ramen” өнімін жасап шығарыпты…

Андоның жаңалығы тек ыңғайлылығында ғана емес еді…

Ол кеспені қысқа уақыт ыстық майда қуыру арқылы ылғалды шығарып, үстіне ыстық су құйғанда тез жібитін ұсақ тесіктер пайда болатынын анықтады…

Осы қарапайым процесс кеспені бірнеше ай сақтауға мүмкіндік беріп, оны тек ыстық сумен ғана дайындайтын тағамға айналдырды…

1971 жылы ол іссапарда жүргенде америкалықтардың кеспені ыдысқа сыйдыру үшін сындырып жейтінін көріп, “Cup Noodles” деп аталатын стақандағы кеспені де жаңадан ойлап тауыпты…

2007 жылдың 5 қаңтарында ол өмірден өткен кезде, дайын кеспе бүкіл әлемге таралып, жыл сайын 100 миллиардтан астам рет тұтынылатын өнімге айналған еді…

Андоның өзі де дайын кеспені күн сайын дерлік жейтін, әрі оны ұзақ өмір сүруінің құпиясы деп есептейтін…

Оның негізін қалаған “Nissin Foods” компаниясы жаңалық енгізуді жалғастырып келеді, бірақ Андоның бастапқы мақсаты өзгерген жоқ…

Ол аштықты жойып, бейбітшілік орнатуды қалады. Себебі адам тек қарны тоқ болғанда ғана өмір тірі қалудан да үлкен нәрселер туралы ойлай алады деп сенген…

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь