Алматы қаласында жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі басталды

 Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park теннис орталығында 17 жасқа дейінгілер арасында 2025 жылғы Франция ашық чемпионатына іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш жарысқа Орталық және Батыс Азиядан Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Қырғызстан, Иордания, Ливан және Түркменстаннан 16 ойыншы қатысып, бақ сынайды.

Қазақстан намысын Альбина Кәкенова, Сәтима Төреген, Айя Мырзақұлова, Кира Эртман, Сәбина Шухратова, Кристина Крученко, София Исакова, Эвелина Балаганская, Дамир Дүйсенғазин, Тимур Сауленко, Анатолий Цыбулько, Олжас Есеналы, Арсений Требухин, Зульфар Юнус қорғайды.

Алматы қаласында Ролан Гарросқа іріктеу сайысы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс жеңімпаздары Жапонияға барып, Ролан Гаррос жолдамасы үшін сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің Олимпиада ойындарының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жасөспірім теннисшілер Сербиядағы жарыста үздік шықты.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *