Ертеде бір бай керуен тартып келе жатады…
Қонаға жерге келгенде қызметшілері 20 түйені байлап, түнеуге 19 қазық алып шыққанын біледі…
Олар не істерін білмей, қожайынымен ақылдасыпты…
«Жиырмасыншы түйеге барғанда, қазық қағып жатқандай кейіп танытыңдар…
Түйе-қарапайым жануар, ол өзін байлаулымын деп ойлайды» депті…
Қызметшілер нұсқауды орындап, келесі күні таңертең 20 түйенің, оның ішінде соңғысының да «қазығының» жанында тапжылмай жатқанын көреді…
Кететін уақыт болып түйелердің барлығы шешіп алғанымен, жиырмасыншы түйе орнынан қозғалмады…
«Арқанды шешіп жатқан кейіп танытыңдар, ол әлі өзін байлаулымын деп түсінген қалпында», — депті иесі…
Қызметшілер де жасанды қимылдар жасап, түйе жасанды бауынан босап, басқалармен бірге жолға шығады…
ОЙЛАП КӨРСЕК…
Бұл оқиға бізге жоқ арқанға «байланған» түйе сияқты еркіндігімізді шектейтін ойлау үлгілері мен әдеттерге қалай оңай берілетінімізді көрсетеді…
Біз көбінесе сұраусыз қабылдайтын идеялармен, әдет-ғұрыптармен және қорқыныштармен бағдарламаланамыз, біз оларды сөзсіз қабылдаймыз және түйе сияқты, осындай жасандылыққа бетпе-бет кез болмайынша алға жылжуға мүмкіндіксіз «байлаулы» боламыз…
Шынайы еркіндік біздің ойлағандай емес, тіптен тереңірек нәрсе екенін шынымен түсінген кезде ғана басталады…
Өмірге біржақты қарағанда ыңғайлы және жайлы болуы мүмкін болғанымен ол өзгермейді…
Тәжірибе және терең ойлау арқылы ғана біз шындықты көріп, соған сәйкес әрекет ете аламыз…
Шектелгеніне күмәнмен қарауға батылы барған адамдар ғана оянып, өздерінің шынайы болмысын таба алады…
Бізге бөгет болатын нәрсе байлаулы екеніміз туралы жалған сенім ғана…
Ал ояну дегеніміз нағыз арқан ешқашан болмағанын түсіну болмақ…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


