Бақаны шөміштегі суға салып, суды қыздыр. Судың температурасы көтерілген сайын, бақаның денесінде бейімделу процессі жүреді. Су біршама ысып кеткенше де бақаның денесі бейімделе береді. Ал шөміштегі су қайнай бастаған кезде, бақа үйлесімінен айырылып, бейімделу қабілетін жоғалтады.
Дәл осы сәттен бастап көлбақа шөміштегі судан секіруге шешім қабылдап, әрекет жасағанымен, су темпратурасына бейімделу үшін көп тырысқандықтан секіре алмайды, өйткені күш-қуатын жоғалтып алған болатын.
Ұзамай бақа қайнаған суға күйіп өледі.
Көлбақаның өлуіне не себеп болды?
Ойланып көр!
Адамдардың көбі оны ыстық судан болып өлді деп айтады. Шындығында, шөміштен қашан секіру керектігін шеше алмауы, өзіне сенімсіз болуы, дер кезінде шешім шығармауы оны өлімге жеткізген болатын.
Біздің де өмірімізде осындай сәттер тап болады. Өмір талабына сай бізде көбінесе осындай қиын жағдайға бейімделіп, «Одан басқа амал жоқ қой»,- деп көнуге мәжбүр боламыз.
Демек, ауыртпалық түсе бастаған сәттен бастап «Мен қанша уақыт мұндай жағдайда өмір сүремін?», «Қашан осы жағдайдан құтылып, арықарай жаңа өмірге қадам басамын?», -дегенді ажырата білуіміз керек.
Егер біз басқалардың артықшылығы болушы атағы мен лауазымы, ақшасы мен байлығы, физикалық күш-қуатынан сескеніп олардың төменшіктетуін, қорлауын қабылдай берер болсақ, олар бізді өле-өлгенше қорқытып, қорлап, басына беретін болады.
Сондықтан күш-қуатты кезімізде, жас кезімізде, мүмкіндігіміз бар кезде, кеш қалмай тұрғанда, басқалардың ықпалынан секіріп шығып кетуге батыл шешім қабылдай білуге тиіспіз!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ



