ФОРДТЫҢ ТАЛҒАМЫ

0
138

Ford Motors компаниясының негізін қалаушы Генри Форд бірде  жұмысқа тұрғысы келген 2 жігітті кешкі асқа шақырды…

Екеуі де техникалық университетті өте жоғары бағамен бітірген инженерлер болатын…

Тамақтан соң мейрамханадан шығып келе жатқан жолда Форд  екеуіне қарата:

— «Кешкі аста бірге болғанымызға қуаныштымын…

Мен сені жұмысқа алдым, ал сені бұл жолы қабылдамауды шештім», — депті…

Жұмысқа алудан бас тартқан жігіт шыдай алмай:

— Кешіріңіз, Форд мырза…

Сізге  сұрақ қойуыма болама?

Кеш бойы біздің оқыған мектебіміз, көліктеріміз немесе техника-технология туралы ештеңе сөйлескен жоқпыз…

Тек жалпы нәрселер туралы ғана әңгімелестік…

Сіз  не себепті досымды жұмысқа қабылдап, мені қабылдамау туралы шешім шығарғаныңыз туралы айта аласыз ба?

Форд:

Иә, мен бұл шешімге 2 себеп бойынша келдім…

1-ші, сіздің досыңыз стейктің дәмін татып көріп, сосын тұз қосты…

Ал сіз стейкті алдымен тұздап, сосын кейін дәмін татып көрдіңіз…

Өзгеріс жасамас бұрын алдымен сынап, тексеріп көретін адамдар маған ұнайды…

2-ші, сіздің досыңыз кеш бойы қызметшілермен және даяшылармен өте сыпайы болды…

Ал сіз маған сыпайы болсаңыз да, оларды елемедіңіз.»- деп жауап берген екен…

«Қарым-қатынасты жұмысқа ал, білім мен дағдыға үйрет» деген сөздің мағынасын шешетін нақты мысал осы болса керек…

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь