Алдымен «Әкелер Одағы» туралы бірауыз сөзбен бастайын. Бүгінгі таңда «Әкелер Одағы» әрбір жерде бірінен соң бірі неге құрыла бастады? Әрине қоғамда алаңдаушылық пайда болды, кім өзбаласын, қызы мен ұлын жаман болсын дейді. Қысқасы жас өспірімдерді азғындықтан, арсызыздықтан сақтау оттегіндей қажет болды. Бала тәрбиесі Үкіметке де, адамдарға да аудай керек екені түсінікті. Сол үшін жергілікті жерлер де, Астана қаласында осы ұйым құрылып, қанатын жая бастағаны да өмірдің өзінің талабынан туындаған мәселе. Мұны біз жан жақты ойлануымыз керек, болашақ үшін жасалып жатқан дұрыс қадамның бірі деп сезінуіміз дұрыс. Ұрпақ тәрбиесін дәл осылай бастасақ кемелімізге келеміз, балаларымызға дұрыс тәрбие бере аламыз. Сонда ғана қазақ ұлағатты ұлы халық екенімізді ата салты арқылы ғана сақтай аламыз.
Ежелгі қазақ қоғамының дәстүр салтында тұрмыстық шаруа әйел мен еркектің биологиялық қасиеті негізінде күш-қуатына, қарым-қабілет икемділігіне байланысты жіктелді. Мәселен әйел көбінесе бала тәрбиесінен бастап үйдің ішкі шаруасымен айналысса, еркек түздегі қатты қайырым істермен шұғылданды. Қазақта «әке – асқар тау, ана – бауырайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген аталы сөз бар. Осыдан байқасаңыз да бұлақ пен құраққа қалқан асқар тау екенін пайымдайсыз. Қазақта «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген мақал бар. Бұл сөздің де мазмұны терең. Сонау ерте дәуірден қазақ ер азаматын бағалап, ерекше қадірлеген. Ата-бабаларымыз елін, жерін жаудан қорғау үшін, иығына садақ асынып, қорамсағын оққа толтырып, қас дұшпанына қарсы тұрған болатын. Дұшпанның шебін бұзып, ортасын ойрандайтын қозы жауырын жебелі оқты бел ағашын жону нағыз әке тәрбиесін көрген жауынгер ұлдың ғана қолынан келген. Сол заманның үрдісі болар халқымыздың кешегі біртуар азаматтары да әке жауапкершілігін бірінші орынға қойған. Бұған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Балалардың тәрбиесіне бірінші кезекте олардың ата-аналары, әсіресе – әкелері жауапты» деген сөзі дәлел.
Ал Кеңестік дәуірде ахуал өзгерді, әйелдер де ерлермен бірдей мемлекеттік іске дейінгі сан-салалы шаруамен айналысатын қоғамдық жаңа қатынас пайда болды. Әрі өткен дәуірде әйелдердің құқы шектеліп келді деп есептеп ендігі жерде олардың құқын ерлермен теңестіру деген желеумен әйелдерге көптеген артықшалықтар берілді. Әсіресе бала тәрбиесіне келгенде ерлердің ролі әлсіреді. Біз ұзақ жыл қалыптасқан осы үрдісті тәуелсіздіктен соң қайта қарап, ұлттық дәстүр-салтқа қайта бейімдеуге күш салып келеміз. Бұл әйелдердің отбасындағы, қоғамдағы ролін төмендету, кемсіту емес, қазақ халқының ғылыми негіздегі салт-дәстүрін, рухани қазынасын қайта жаңғырту болып табылады.
Жалпы қоғамда әке тәрбиесі өте маңызды. Себебі әкенің бергенін ана бере алмайды. «Жақсы әке балаға 40 жыл азық» деген нақыл сөз атам заманнан әкенің бала өміріндегі орны бөлек екенінің дәлелі. Бала бойындағы ер мінезді, отансүйгіштікті әке қалыптастырады. Отбасының тірегі де, жүрегі де – ер адам.
Дегенмен күні бүгінге дейін елімізде әкелердің ролі баланың материалдық қажеттілігін өтеумен шектеліп жатқаны жиі кездеседі. Әкенің міндеті ақша табу ғана емес, сонымен қатар перзентінің тұлғалық, рухани, эмоционалды дамуына жан-жақты қолдау көрсету. Ол баласының ішкі дүниесіне терең үңілетін әрі тыңдайтын, үлгі болатын, шынайы қамқор, жауапкершілікті сезінетін адам болуы керек. Сондай-ақ сенімді дос ретінде балаға бағыт-бағдар сілтеуші болуы қажет. Қысқасы барлық жауапкершілікті әкелер мойнына алу керек, әке сияқты әке атанып, баласын өзіндей етіп тәрбиелеу қажет, отбасына да, әйеліне де, ұл қызына да жан жақты ие, солардың «патшасы» болуы қажет. Сонда ғана отбасы, отағасы атанады. Негізі бәрі Әкеден қайткенде именіп тұруға тиіс қой. Бұл дұрыс тәрбие үшін қажет.
Мен өз көзіммен көрген ақиқатты айтайын, Тәте деген атамыз болды. Еш мектеп оқымаған, сауаты жоқ, тек мал бағумен айналысты, өзгеге де зәбірі жоқ, нақты бейуаз адам еді. Әйелі де өзі сияқты қарапайым, қой аузынан шөп алмас жандар. Сол үйде сегіз ұл, екі қыз тәрбиеленіп түгелдей сабырлы, салиқалы ұл қыздар атанды, оқуда озат болды. Баласының алды Етекбайы Москвадан жоғарғы мектеп, кейін Партияның жоғарғы мектебін үздік бітіріп, Партия Орталық комитетінде министірлік дәрежеде міндет атқарды. Айтайын дегенім сол Тәте ағамыз балаларының сабағын, тәртібін күнделікті бағалайды, оқыған кітаптарының мазмұнын айтқызады. Мемлекеттік қызыметке орналасып, еліне демалысқа келген Етекбайға, Әкесі: «Жә балам өстім, жеттім деме, сен әлі көп нәрсе білмейсің ғой, мен алаңдап отырамын, көптің алдында көп сөйлеме, болса тыңда деп бастайтын. Қарапайым болуды, сабыр сақтауды үйрететін. Ең негізі қандай нәрсеге өзіңнің түйсігің болу керек, шешім қабылдғанда содан айырылма деп тапсыратын. Әрбір айтқан сөздері көңілге қонымды, өңкей жүрегінен шыққан кітаб сөздері айтылады». Сонда әріп танымайтын атамыз балаларының алдында үлкен ғалым, абыз боп келетінін ауыл адамдары айтып жүретін. Балалары да әкесі қалай айтады солай жүрді, нәтижесінде «үлгілі отбасы» деп халық өздері атады. Бұл, қазақ ұрпақ үшін өмірге келетінін, ұрпақ үшін өлетінін, баласы үшін әкесі «Құдайдай» сезілетінін көрсетіп отыр. Солай болмайынша болмайтынына бүгін өзіміздің көзіміз жетті. Еліміз бойынша «Әкелер одағын» құрып, әкелердің бала тәрбиесі үшінгі жауапкершілігін арттырудан өзге жол қалмағанын түсініскендей болдық. Кездесу барысында көпшілік қауымды алаңдатып отырған ең қауіпті нәрсе интернет фейсбук арқылы күндіз түні үзіліссіз насихатталып жатқан жалаңаш адамдар, олардың көрсетіп жатқан жыныстық қатнастың түрлері, тіпті қайуандар мен шатасып жатқаны балаларды қойып, кәрілердің өзін бұзып бітті. Осыған «Әкелер одағы» не істеу керек деген сұрақтар туындағанда тағы да айтарға сөз таппадық. Осылай арсыздық қоғамды шарпи берсе, өзіміздің қыздарымыз тойларда астын ашып, ішкиімін шешіп лақтыра бастаса бәрінен де арын сақтаған қазағым енді не болмақ? Қазақ ар, намыс, ұяатты сақтаған, ерекше намысшыл халықпыз. Батыстың мұндай азғындық іс қылықтарына қазақтар төзе алмайтынын айтып, дабыл қаға бастады. Мұндай азғындықтан өзімізді қалай сақтап алып қаламыз деген де жүрегіміз ауырады дестік. Осы тұрғыда алда ойлана отырып, тәрбие жұмысын үгіт насихат арқылы пәрмендендіру дұрыс, боп отыр. Бұрынғы социализм заманының идологиясын да, өзіміздің ата баба қазақи дәстүрімізді де ұстану дұрыс екеніне енді көз жеткізгендей болдық. Жастар тәрбие жұмысын жеке «Әкелер Одағы» мен шектемей мемлекеттік дәрежеде сөйлесіп жалпылық шешім қабылдайтын уақыт келген сияқты.
Бұл ретте тағы бір еске алатын жай жалпыламалық сипатта өскелең, бақытты еліміздің көлемінде көпшілік бала әкесі мен ананың қамқорлығын қатар көрсе де тұл немесе жыртылай жетім бүлдіршіндерміздің тағдыры бізді алаңдатуға тиіс. Мәселен елімізде 72 мыңнан астам жалғыз басты әкелер бар көрінеді. Осы әкелерге бала тәрбиесі тұрғысында жүктелер міндет, жауапкершілік артық екені айдан анық.
Дәл осы мақсатпен 2012 жылдан бері елімізде республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істей бастады.
2023 жылдан бастап маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда ресми түрде «Әкелер күні» атап өтіліп келеді. Мереке сайын әке мен ананың мерейін үстем ету, отбасы институтын дамытуға септігін тигізу осы мерекенің басты мақсаты. Бұл атаулы күндер тек батыс мемлекеттерде ғана емес, Азияда, оның ішінде бауырлас Түркия елінде де бар. Мәселе тек тойлауда ғана емес. Өскелең ұрпақ жыл сайын бұл күні үлкенге құрмет көрсетіп, ата-анасына ерекше көңіл бөлсе деген ниет.
Әкелер – күнделікті өмірдің шынайы қаһармандары. Олар – балалары мен отбасысы үшін күш-қуаттың, даналық пен жауапкершіліктің қайнар көзі. Әке – тек асыраушы ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін рухани тірек.
«Әкелер одағы» – еліміздің барлық өңірлерінен жиналған белсенді әкелерді біріктіретін алаң. Мектептер жанынан 500-ден астам әкелер кеңесі, балабақшаларда әкелер клубтары құрылып, олар отбасы мен бала тәрбиесіне белсенді қатыса бастады. Қазір «Әкелер одағы» бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында: «Аламан» әкелер футбол лигасы, «Әкелер апталығы», «Саналы әке» тренингтері, зорлық-зомбылықпен күреске арналған Орталық Азия семинары, «Ерекше балалардың ерекше әкелері» бағдарламасы, жалғызбасты әкелерге қолдау көрсету, «Бала Толағай» атты әкелер мен балалар арасындағы спорттық жарыстар бар.
Бұл бірлестіктің құрамындағы Астана қалалық «әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі арнайы бағыттарда сан-салалы жұмстарға білек сыбана кірісіп кеткенін айта кету жөн. Бүгінде Астана қаласы «Әкелер одағының» филиалы жұмысының бір көрнісі, Астананың әр мектебінде арнайы өкілдігі бар. Олардың балаларды қолдауға және денсаулығын нығайтуға бағытталған ЮНИСЕФ жобаларына қатысуы қоғамға шынайы қызмет етудің жарқын үлгісі.
«Әкелер одағының» түрлі салада, түрлі тақрыпта ұйымдастырып келе жатқан ісін айтып тауыспаймыз.
Ең бір маңызды да ауқымды шара өткен жылы 12 маусымда ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары, ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің Бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Серік Сыдықовтың бастамасымен «Бүгінгі күннің әкелері» тақырыбындағы кездесу болған еді. Іс-шараға «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай, AMANAT партиясының Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Есенбек Серкебаев, сондай-ақ ҚР ПІБ қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Шараның Президенттік орталықта өтуі де бекер емес еді. Әке деген – ұлы есім. Ол ең алдымен отбасынан басталып, тұтас қоғамға ықпал ететін терең құндылық екенін айқын көрсетті. Бүгінгі заманның әкесі – тек сүйенер тіреу, бағыт-бағдар беруші ғана емес. Қазір әке бейнесі біртіндеп өзгеріп келеді. Бүгінгі күннің әкелері баласына жақын, сезімтал, ашық бола бастаған. Десе де, әке – отбасының тірегі, асқар тауы болып қала береді деген тұжырымды осы кездесу растай түскен болатын. Кездесудің ерекшелігі – еркін пікір алмасу, сұрақ қойып, ой бөлісу. Әрқайсымыз осы жерден жақсы ой түйіп шығамыз деген сенім мол болғанын атап өткім келеді. Республиалық Әкелер одағының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әкім Ысқақ бастап, мүшелері Қажымұрат Нәсиұлы, әйгілі педегог Оспан қажы Сүлейменұлы біздер Астанамыздың Абай атындағы мектептің ата аналарымен екі сағат кездесу өткіздік, Бүгінгі таңдағы әкенің роль қаншалықты маңызды екенін байқадық. Өкінішке орай әкелердің роль асқақтағанның орнына түсе берсе түптің түбінде не боламыз дестік. Шынын айтсам қазіргі жастардың тәрбиесі ерікссіз үрей тудыра бастаған. Сондықтан сақтанудың бірден бір жолы қаламыздағы Абай атындағы мектептің Әкелер Одағының тәжірибесін қала бойынша қолдануға келістік.
Осыған байланысты Астана қаласында «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы белсенді жұмыс істеп келе жатқанын айырықша атап өту ләзім. Және бұл өмір талабынан туындаған көкей тесті мәселе. Өйткені ел жүргі – Астана халқымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыруда жетекші орында . Филалдың негізгі мақсаты — қоғамда әке рөлін нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, саналы әке ұғымын қалыптастыру және бала тәрбиесіне ер адамдардың белсенді қатысуын арттыру болып табылады.
Сол сияқты биылғы жылы «Әкелер одағының» ұйымдастыруымен елордадағы Кенен Әзірбаев көшесіндегі гүлзарда, осы көше мен Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы және «Таза қала» жобасы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовтан бастап, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен сияқты түрлі жоғары лауазымды басшылардан бастап барлығы 250-ден астам адам қатысты.Сенбілік аясында 100-ден астам ағаш отырғызылып, іргелес аумақ тазартылды, ағаштар әктеліп, «көше жиһаздары» боялды. Әкенің аты әке ғой, Әкелер Одағынан ұйымдастырылған іс шараға жұрт қызығушылық танытты.
Астана қаласында «Әкелер одағы» қаладағы
көптеген мектептерінде одақтың арнайы өкілдіктері мен «Әкелер клубтары» құрылған. Олар қалалық слеттер, «Әке таланты — балаға үлгі» атты көрмелер, дөңгелек үстелдер мен отбасылық құндылықтарды насихаттайтын дәрістер өткізе бастады. Сондай-ақ, ЮНИСЕФ ұйымымен бірлесіп, ерте жастағы балаларға көмек көрсету және әкелердің отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы диалогқа тартылуы сияқты әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру сияқты негізгі бағыттар мен қызметтерді белсенді жүргізіп келеледі.
«Әкелер одағының» бастамасымен және Ұлттық комиссияның қолдауымен Республикалық әкелер форумы өткізіледі – бұл отбасы құндылықтарын нығайту мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
«Әкелер одағы» бірлестігінің басты мақсаты – қоғамда әке рөлін нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, оларға психологиялық-құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Әсіресе бала тәрбесіне қатысты ерлердің белсенділігін арттырудың орыны ерекше. Бұл да аналардың ролін жоққа шығару емес, керісінше олардың мойынындағы ауыр жүкті жеңілдету, ерлермен бөлісу деп білу орынды. Бұл күндері «Әкелер одағы» бала тәрбиесіне қатысты әртүрлі семинар, кездесу, жиын өткізудің сыртында бала тәрбеснендегі әкенің ролін арттыруға бағытталған сан-салалы жұмыстар жүргізіп келеді.
Әке институтын қолдау мақсатында жыл сайын 7 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 600 мыңнан астам адамды қамтиды. Биыл да әкелер мен балалардың бірлескен демалысын ұйымдастыруға бағытталған ауқымды шаралар – спорттық турнирлер, тақырыптық концерттер, театр қойылымдары өтуде. Астаналық «Әкелер одағы» мектептермен тығыз байланыста жұмыс істей бастағанын жоғарда айттық, түрлі кездесулер, байқаулар мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл бастамалардың басты мақсаты – әкелерді отбасылық өмірге де, қоғамдық ортаға да белсенді араластыру, олардың тәрбиелік рөлін күшейту.
Бәрін айт та, бірін айт, біз ежелгі қазақ дәстүріндегі әке ролін орынына қоюымыз керек. Ең бергісі әкесі баласымен күніне тым болмағанда 30 минут сөйлесуі керек. Осылай жиі сөйлесіп тұрса, бұл болашақта жақсы нәтижеге алып келеді. Бір қуантарлығы, қазір бала тәрбиесіне араласатын әкелердің қатары көбейген. Ең бергісі балаларын спортқа баулып, әр-түрлі секцияларға бірге келетін әкелердің көбеюі бұған дәлел.
Қалайда бала тәрбиесіне бірінші әке жауапты. Ең бірінші шаңыраққа жауап беретін ер адам. Сондықтан ол өзінің баласына, әйеліне, отбасына деген жауапкершілігін өз мойнына алып, батылдық жасауы керек. Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды деген тұжырым да тегін жасалмаса керек. Отбасына жауап бере алған адам ғана болашақта еліне де, халқына да жауапты бола алады. «Әкелер одағының» басты мақсаты әр әкенің санасына осы мақсатты құю.Бүгінгі Қазақстан қоғамында бала тәрбиесіне айырықша мән беретін әкенің көбейіп келе жатқаны қунтады. Мәселен туған елінің аялы алақанында немерелерін қазақы тәрбиемен сусындатып, көпке үлгі көрсетіп отырған тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ағамыздан бастап, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тумасы «Парасат» орденінің иегері, «КСРО-ның құрметті теміржолшысы», 11 бала тәрбиелеп өсіріп, бәрін оқытып тоқытқан Ідіріс Орынбасарұлы, алты баласын айтулы тұлғаға айналдыра білген қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымының докторы, Академик, профессор Өмірзақ Озғанбайұлы, белгілі қаламгер, ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы «Ең бай әке», «Әкеммен сырласу», кітаптарының, әке мейірімі жайлы басқа да толып жатқан толғанысты шығармалардың авторы Әкім Ысқақтың өмір жолы әке тағлымының үлгісі.
Сөзімді Әкім інімнің мына бір шумақ өлеңімен аяқтайын.
«Әкешім, шуақ шашқан таң нұрымсың,
Қазынам, ар-намысым, тағдырымсың.
Сыйлаған бар жақұтты өміріме,
Тең келмес еш нәрсеге байлығымсың».
ҮЗБЕН ҚҰРМАНБАЙ



