НЕ БЕРСЕҢ, СОНЫ АЛАСЫҢ…

0
171

Жас жігіт жол жиегінде көлігінің жанында тұрған әйелді байқады. Оның көмекке мұқтаж екені анық болды. Жігіт өзінің кішкентай көлігін оның Мерседеснің жанына тоқтатты.

Жігіттің мейірімді күлімсіреуін көргенімен әйел өзін жайсыз сезінді. Оған көмек керек болғанымен бірақ мынау иен жерде бұл жігіттің не істейтінінен кім білсін.  Тозған ескі киімдері мен аш екені белгілі жүзі оны осылай алаңдатты.

Жас жігіт жұмсақ дауыспен: «Ханым, мен сізге көмектесу үшін тоқтадым. Сіз жылы көлігіңіздің ішінде отырып күте тұрыңыз, бәрі жақсы болады. Менің атым Брэйн Андерсон»-деді.

Жай ғана дөңгелегі жарылған болса да егде жастағы әйел үшін бұл өте үлкен мәселе болатын.

Брэйн суық жерге отырып, домкрат орнататын орын іздеді. Ол саусағын бірнеше рет қанатып алса да дөңгелекті ауыстырып үлгерді. Киімі де шаң болды. Соңғы бұранданы қатайтып жатқанында, әйел терезесін төмен түсіріп, онымен сөйлесе бастады.

Туысына бару үшін жақын маңдағы Сант Лиус қаласынан келе жатқанын айтты. Жас жігітке  шынайы риза болғаны айқын еді.

Брэйн багажыны жауып жатып жай ғана күлімсіреді. Қанша ақша төлейін деп сұрағанда, қанша сома болса да төлеуге дайын болатын.

Бірақ Брэйн мұны жұмыс деп санамады. Көмекке мұқтаж адамға көмектестім деп ойлаған ол: «Егер сіз маған шынымен ақша төлегіңіз келсе, келесі жолда мұқтаж адаммен кездессеңіз соған көмектесіңіз. Сол кезде мені ойлаңыз» деп айтты.

Ол оны көлікті қосып, әрі қарай жүріп кеткенінше күтіп тұрды.

Күн суық, сұрғылт болса да үйіне қарай бара жатқан ол жүрегіндегі жылуды сезінді.

Дөңгелегі жарылған жерден бірнеше миль қашықтықта кафені көрген әйел тамақ жеп жылынып алып жолын жалғастырмақ болып шешті. Қарапайым ғана шағын кафе екен. Даяшы жас келіншек келіп, оған дымқыл шашын кептіру үшін таза сүлгі ұсынды.

Күні бойы тік тұрып жұмыс істеп шаршаса да даяшының нәзік күлімсіреуі жүзіне әр береді. Әйел оның жүкті екенін де байқады. Осыншама аз дүниесі бар адам қалайша соншалықты жомарт әрі мейірімді бола алады деп екен ойлағанда Брэйн есіне түседі.

Тамақтанып болған соң, әйел жүз доллар ұсынды. Даяшы келіншек есеп жасап, тез айналып келгенімен, әйел әлдеқашан кетіп қалыпты. Даяшы үстелдегі салфеткаға бірдеңе жазылғанын байқады:

«Сіз маған ештеңе қарыз емессіз. Мен де осындай жағдайға тап болып көргенмін. Менің саған көмектескенімдей, маған да біреу көмектесті. Егер сен маған жауап бергің келсе, мейірімділіктің тізбегінің өзіңмен аяқталуына жол берме», — деп жазғанын оқып еріксіз көз жасы ағып кетті.

Салфетканың астында 100 долларлықтан тағы да төртеу болды.

Даяшы үстелді жинап, басқа клиенттерге қызмет көрсетумен жүрсе де бұл күні көңілі ерекше хош болатын. Кешке үйге келіп ұйықтап жатқан күйеуінің қасына кіріп, жатып жатып, ол бейтаныс әйелдің ақшасы мен әдемі сөздерін есіне алды…

Бұл әйел бізге ақша қаншалықты керек екенін қайдан білді екен деп ойлады. Келесі айда баласы дүниеге келеді, қаржы мәселесі қиын жағдайда…

Ол күйеуіне сүйіспеншілікпен қарап, бетінен ақырын сүйді: «Бәрі жақсы б олады.Мен сені ерекше жақсы көремін, Брэйн Андерсон»-деді іштей…

Аударған: Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь