Ақыл мен рух қартаймайды

0
3848
Рим сенаторы Марк Катон 80 жасында грек тілін үйреніпті. 70 жасында Сократ көптеген музыкалық аспаптарда ойнауды үйренгенімен қоймай бұл өнерді жетік меңгерген екен.
80 жасында Микеланджело өзінің ең керемет суреттерін жасапты. Гете «Фаустты» 80 жасында жазып аяқтапты. Неміс тарихшысы Леопольд Ранке өзінің «Әлем тарихы» еңбегін 91 жасында жазып аяқтаған. Исаак Ньютон 85 жасында да тынымсыз қызметпен айналысқан дейді.
82 жастағы Лев Толстой плантацияда қол шалғымен шөп тартқан кезінде жас жігіттер қуып жете алмайтын деген сөз сақталған. «Соғыс және бейбітшілік»-тің ақ сақалды авторы жазды велосипедпен және атпен өткізетін.
АҚШ азаматы, композитор әрі дирижер Игорь Стравинский 88 жасқа дейін жұмыс істеді. Ақын Берангер 77 жасқа дейін жұмыс істеді. Лев Толстой-82 жасқа дейін. Виктор Гюго-83 жасқа дейін, академик Иван Павлов-87 жасқа дейін, ежелгі грек драматургі Софокл-90 жасқа дейін, философтар Диоген, Демокрит, суретші Титиан және сексен жастағы Микеланджело өзінің шығармашылық белсенділігін басқаларға көрсете білген. Бернард Шоу 94 жасқа дейін жұмыс істеген…
Айтпақшы, американдық ғалымдар еуропалық ғалымдармен бірге сенсациялық жаңалық жариялапты.
Адамның миы біздің бұрын ойлағанымыздай 25-30 жасқа дейін емес, 50 жасқа дейін дамитыны анықталыпты. Сонымен қатар, егер адам ми жұмысымен белсенді түрде айналыса берсе, іс жүзінде мидың қартаюы деген болмайды!
Мұның бәрі не үшін қажет?
Мида «кәрілік» жоқ, тек дұрыс емес психологиялық нұсқаулар ғана бар деген сөз.
«Сенің басыңда болса да, естігеніңнің бәріне сенбе», — деп кеңес береді әйгілі психиатр Даниэль Аймен.
Өміріміздегі барлық үлкен кедергілер біздің ішімізде болады.
Оларды өз ішіңде жой!
Біздің жанымыз бен ішкі күшіміз қартаймайды.
Біз тірі кезімізде әлі де сеніміміздің күшімен жоғары көтерілуге және кем дегенде бір сатыға көтерілуге мүмкіндігіміз бар.
Жақсы уақытты күтпе-ең жақсы уақыт біреу ғана болуы мүмкін.
Оны « дәл қазір»деп атайды.
А.Т

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь