«Жер менікі емес, халықтікі!» — Нұртас Оңдасыновтың ел мен жер алдындағы ұстанымы

0
327
Осыдан 115 жыл бұрын (1904-1989), 26 қарашада мемлекет және қоғам қайраткері НҰРТАС ДӘНДІБАЙҰЛЫ ОҢДАСЫНОВ дүниеге келді.
Нұртас Оңдасынов: «ЖЕР МЕНІКІ ЕМЕС, ХАЛЫҚТІКІ!»
«…- Соғыс бітіп, ел әлі есін жиып үлгермеген жылдар. Мәскеудегі өтетін жиналыстарға жиі барамыз. Бір жолы сондай бір жиынды Украинаның сол кездегі басшысы Н.С.Хрущев жүргізді. Оның қасына Өзбекстанның жетекшісі Осман Юсупов жайғасыпты. Мәжіліс залына кіргенімде екеуі сыбырласып отыр екен. Шынымды айтсам, екеуін де аса ұната қоймайтын едім, сондықтан көздеріне түспей — ақ қояйын деп арт жаққа отыра беріп едім, Хрущев көріп қалды да:
— Оңдасынов, тұр орныңнан! Сен неге өзбектерге ана үш ауданды бергің келмейді, өзбектер мақтаны жақсы егеді! – деді діңкілдеп. Мына сөз менің шымбайыма батып кетті:
— Ол үш аудан менің жерім емес, оны беру-бермеуді халық шешеді! Ал мақтаны біз де жақсы өсіреміз, өткен жылы жоспарды асыра орындадық! — дедім. Хрущев қып — қызыл болып кетті, ашулы үнмен «отыр!» деді. Оған айтқызып отырған Осман Юсупов екені даусыз. Өйткені оның өзі маған бір мәрте шығып, осы осы үш ауданды сұраған болатын, сонда мен:
— «Сіз де бір республиканы басқарып отырсыз, Сізден қырғыздар немесе әлде түркімендер үш емес, бір ауданыңызды сұраса берер ме едіңіз?!» дедім. Уәж айта алмай қалған болатын. Өзінің сөзі өтпеген соң даңғой Хрущевты айтақтап салып отырған түрі ғой!»
Нұртас атам «жадыңа жазып ал!» дегендей тік қарап, әңгіме арнасын басқа жаққа аударған-ды. Жасы сексеннен асса да еңселі денесі еңкеймеген, жүзі нұрлы, сөзі нәрлі, Әбіш Кекілбаевша айтқанда «өзіне жүктелген ел мен жер парызын даналықпен атқарған басшының» сол нар тұлғасы дәл бүгінгідей көз алдымда. Бұл — Қазақстан Үкіметін 13 жыл (1938-1951) басқарған кемеңгер Нұртас Оңдасыновпен соңғы бір кездескендегі сұхбат еді.
Гүлсім ОРАЗАЛИЕВАНЫҢ мақаласынан.
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь