Қуанышты жаңалық!
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасы Парламентке ұсынылды.
Бүгін (2025.10.30) Моңғолия Үкіметі атынан Бірінші вице-премьер-министр әрі Экономикалық даму министрі Н.Учрал және Отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Т.Аубакир заң жобасын Ұлы Хурал төрағасының орынбасары Б.Пүрэвдоржға табыстады.
Келісім қабылданғаннан кейін екі елдің азаматтары еңбек өтілі мен төленген әлеуметтік жарналарын біріктіріп есептетіп, зейнетақы мен жинақтық төлем алуға мүмкіндік алады.
Бұл — шетелде, әсіресе Қазақстанда еңбек етіп жүрген моңғол азаматтарының әлеуметтік қорғалуын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.




