Бүгін мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт басталды.
«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Ораза айт мейрамында жүрекке мейірім, қуаныш сезімі ұялайды.
Ораза айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жасаған адамның құрметке, марапатқа ие болатын сәті.
Мейрамда мұсылман қауым бір-біріне қамқорлық жасайды, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Ал мұндай игі істер адамның ырыс-ынтымағын арттырады.