Бүгін ел мешіттерінде айт намазы оқылып, мұсылмандардың ұлық мейрамына орай мерекелік іс-шаралар басталды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешітте ұйымдастырылған ұлттық ойындарды тамашалап, айтқа келген балаларға тәттілер табыстады.
Мұсылмандардың ұлық мерекесіне орай ұйымдастырылған игі іс-шаралар еліміздің мешіттерінде жалғасын тапты.