Айдос Сарым: Хатшылық қызметкерлері әскери міндеттерден босатыла ма

0
36

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым осы мәселені көтерді.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Сыртқы істер министрлігінің АӨСШК Хатшылығының қызметкерлері үшін әскери міндеттерден босату жөніндегі өкілеттіктерді беру себептері және оның негізділігі туралы сауал қойды.

«18 жастан 27 жасқа дейінгі ел азаматтары Әскери қызмет заңы бойынша шақырылады. Біздің елімізде ратификацияланған халықаралық келісімшарт заңнан жоғары тұрғандықтан және еліміз үшін маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, сол хатшылықта қызмет атқаратын азаматтар  жұмыс атқарған уақытында әскери міндеттен босатылатын болады. Онымен қоса сол хатшылықта қызмет етіп жатқан азаматтарымыз әскери техникалық мектепте ақылы түрде 40 күндік әскери дайындықтан өте алады», — деп жауап берді депутаттың сауалына ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь