Домой СПОРТ Гимнаст Нариман Құрбанов әлем кубогының кезеңінде алтын медаль иеленді

Гимнаст Нариман Құрбанов әлем кубогының кезеңінде алтын медаль иеленді

0
38

Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды.

 

Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті.

Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұл гимнаст Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.

Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь