Жыл басынан бері 11 мың граффити-сурет өшірілді.
2024 жылы 1700-ден астам рейд жүргізіліп, оған 13 мыңнан астам ерікті қатысты. Полиция мен белсенді азаматтардың бірлескен жұмысының арқасында бүкіл ел бойынша 44 мыңнан астам есірткі граффити жойылды. Биыл екі айда үш мың еріктінің қатысуымен 336 рейд өткізілді. 11 мың граффити-сурет өшірілді. ІІО мен еріктілердің үйлесімді жұмысы қоғамды есірткі заттарымен байланысты қауіптерден қорғауға көмектеседі.