Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды.
Бүгінгі таңда полиция қатарында Наурыз есімді 119 тәртіп сақшысы қызмет етеді.
«Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар. Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін», — деп жазылған хабарламада.
Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі нәзік жандылар.
Наурызбай — 55 , Наурызбек — 41, Наурыз — 12, Наурызгүл — 4, Наурызхан — 3, Наурызғали — 2, Наурызжан — 1, Бекнаурыз — 1.
Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.