Бұл туралы экстрим-блогер Сәкен Қағаров Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында айтып берді.
Сәкен Қағаров алдымен Айжұлдыз Адайбековамен қалай танысқанын айтты.
«Біз Айжұлдызбен жарнамаға түсірілім барасында таныстық. Оның баласы бар екені мені қызықтырған жоқ. Болашақта тағы бір сәби сүйсек, екеуі бірге ойнап, бір-біріне серік болады.
Сәкен Қағаров үйлену тойлары мамырда өтетінін атап өтті.
«Айжұлдыз екеуміз былтыр күздің соңынан бері осы үйде бірге тұрып жатырмыз. Оның өз пәтері де бар. Бірақ неке қидырғаннан кейін бірге тұруды жөн көрдік. Енді осы көктемде, яғни мамырда заңды некеге тұрып, той жасаймыз»,- деді ол.
Сонымен қатар экстрим-блогер Айжұлдыз Адайбекованың анасы Жанар Айжановамен қалай танысқаны туралы айтып берді.
«Айжұлдыздың мамасымен презентацияда таныстық. Ол кісімен тез танысып кеттік. Мені құшақтып «сен жарайсың!» деп айтқаны есімді. Қазір де телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз»,- дейді Сәкен Қағаров.
Сұхбат барысында экстрим-блогер екі бөлмелі пәтерін, танымал велосипеді мен дулыға топтамасын көрсетті.