Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Әскери оркестр елорда әуежайында шетелдіктерді Наурыз мейрамымен құттықтады

Әскери оркестр елорда әуежайында шетелдіктерді Наурыз мейрамымен құттықтады

0
36

Көктемгі күн мен түннің теңелу күніне орай ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда әуежайында өнер көрсетті.

Дирижер капитан Нұрлан Қошқаровтың жетекшілігімен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың музыкалық ұжымы халықтық, классикалық әуендерді, танымал хиттер мен әскери марштарды орындады.

Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы әндер көрерменді ерекше таң қалдырды.

– Маған әскери оркестрдің қойылымы өте ұнады. Мен өз Отанымда мұндай концертті ешқашан көрген емеспін. Әдемі пішін және әйгілі хиттердің керемет орындалуы керемет, – деді АҚШ-тың Калифорния штатынан келген оқытушы Робин Пирс.

Жолаушылар мен шығарып салушылар музыканттармен қосылып ән айтып, оларды суретке түсіріп алып жатты. Ұлттық киімдегі ақ жаулықтылар шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.

– Мен Омбыға ұшып барамын. Әскери музыканттардың өнеріне тәнті болдым. Абайдың шығармалары әлемге танымал. Маған «Көзімнің қарасы» әні қатты әсер етті, — деді Светлана Сафонова.

Әскери музыканттардың қойылымын құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының дефилесі толықтырды. Сымдай түзелген жігіттер де саптық қимылдарымен көрермендерді бірден баурап алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь