Домой СПОРТ Елордалық спортшылар көркем жүзуден алтын медаль жеңіп алды

Елордалық спортшылар көркем жүзуден алтын медаль жеңіп алды

0
143

Франция астанасы Парижде көркем жүзуден жылдың алғашқы әлем кубогы өз мәресіне жетті.

Бұл беделді жарыста Астана қаласының спортшылары жасөспірімдер арасындағы командалық еркін бағдарлама бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Команда сапында Ирина Говорухина, Ирада Исламова, Ясмина Исламова, Мақпал Қалмырзаева, Альбина Өмірсерікқызы мен Алдияр Рамазанов өнер көрсетті.

Осыған дейін де Астана спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жекелеген бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болды. Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы, сондай-ақ Эдуард Ким тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі.

Айта кетейік, байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь