Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алды

Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алды

0
528

Адам папилломасы вирусына қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз егілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцинациялаудан кейін егілгендердің арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелмеген.

АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады.

АПВ — әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ-ны жұқтырады.

Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады.

АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді.

Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы 16 және 18 жасында адам паппиомасы вирусының онкогендік типтерін жұқтырған.

АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буынынык арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь