Домой ЖАҢАЛЫҚТАР Елімізде бір айда 1 200-ден астам есірткі сайты бұғатталды

Елімізде бір айда 1 200-ден астам есірткі сайты бұғатталды

0
127

Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр.

 

«Қаңтар айында 700-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 1 257 есірткі сайты бұғатталды, оның ішінде 15 дроп-карта бар. Есірткі тарату туралы ақпараты бар 76 арна мен боттар өшірілді. 274 есірткі қылмысы тіркелді. Олардың ішінде 180 сату фактісі, интернет арқылы есірткі жарнамасының 64 фактісі, 3 контрабанда, есірткі өсірудің 16 фактісі бар. 9 ұйымдасқан қылмыстық топ, 3 есірткі притоны, 17 есірткі зертханасы жойылды. Биыл 800 кг-нан астам есірткі, оның ішінде 29 кг синтетика, сонымен қатар 5 тонна прекурсор тәркіленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь