Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты мәлімдеді.
Астананың орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында 30 қараша күні бұқаралық шаңғы жарысы өтеді.
Қатысушыларды тіркеу жарыс күні сағат 08.00-ден 09.30-ға дейін болады. Оған барлық жастағы қала тұрғындары мен әуесқой спортшылар қатыса алады.
Жүгіру қашықтығы – 2,5 км. Мәре сызығында барлығына естелік медальдар табыс етіледі.