ҚХЛ: «Металлургпен» кездесуде «Барыс» сенсациялық жеңісін қайталай ала ма

0
56

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кездесуін бүгін Магнитогорскіде жергілікті «Металлургпен» өткізеді.

Матч Қазақстан уақытымен сағат 18.50-де басталады.

Бұл ойында фаворит «Металлург» екендігі анық. Магнитогорскілік команда 34 ұпаймен Шығыс конференциясында 5-орында тұрса, елордалықтар (21 ұпай) 11-сатыдан жылжыған жоқ.

«Барыс» соңғы үш ойында қатарынан жеңіліс тапқаны белгілі. Дегенмен 20 қарашада «Барыс Арена» стадионында күтпеген жерден «Металлургті» 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын. Сол ерлігін қайталай алады ма, оны бүгінгі ойын көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» түзде «Сибирь» командасынан жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь