Асылхан Көшербай жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы аустралиялық Купер Макконалмен алтын жүлдені сарапқа салды. 

65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде жеңіске жетуге барын салды. Тартысқа толы кездесуде отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары болған. Аустралиялық боксшыны нокдаунға түсіріп, бұл жекпе-жекте кімнің үздік екенін көрсетіп баққан. Алайда төрешілер күмәнді шешім қабылдап, 2:3 есебімен жеңісті К. Макконалға берді.

Осылайша қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты. Ал, Купер U19 жасқа дейінгі жастар арасындаәлем чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 85 келі салмақ дәрежесі бойынша Даниял Райымбеков те күміс жүлдеге ие болған еді.

Сонымен қатар Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан (67 келі) бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионы болды. Аталған бәсекеде тағы екі қазақстандық боксшы алтын медаль алып, ел мерейін асқақтатты.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *