Семейде жабық футбол манежі салынып жатыр

Семей қаласында жабық футбол манежінің таныстырылымы өтті.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, кешеннің құрылысы Абай облысы әкімдігі мен Freedom Holding Corp компаниясы арасында қол қойылған меморандум аясында жүргізіліп жатыр. Компания басшысы Тимур Турлов кешеннің балалар үшін футбол әлеміндегі үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

Cемейде жабық футболдан манеж салынып жатыр
Фото: Семей қаласы әкімдігі

«Біздің балаларда еуропалық үздік клубтардағыдай жаттығу мүмкіндіктері болуы керек. Бұл кешен дайындық деңгейіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан әрбір бала өзін үлкен спорттың бір бөлігі ретінде сезінуі үшін жасалған. Балалар біздің болашағымыз. Ал олардың келешегі жарқын болуы біздің қолымызда. Бұл кешен олардың спортшы ретінде қалыптасатын, білім алатын, жеңіске жетелейтін армандарын жүзеге асыратын орын болады», — деді ол.

Манеждің әкімшілік бөлігінде төрт киім ауыстыратын, жуынатын, асхана және ата-аналарға арналған арнайы бөлме болады. Кешенді сертификаттау жоспарланып отыр. Бұл жоғары топтағы футболшы балалардың алаңда ресми матчтарды өткізуіне мүмкіндік береді.

Футбол алаңдарының өлшемдері УЕФА мен ФИФА стандарттарына сәйкес келетін 105-тен 66 метрге және 105-тен 68 метрге дейін алып жатыр. 2024 жылдың соңына дейін жабық манежді пайдалануға беру көзделген.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *