Елімізде азық-түліктің қымбаттау тәуекелі бар ма

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен (ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз) 100 пайыз қамтылған. Одан бөлек, 14 азық-түлік түрлерімен 80 пайызы өзіміздің өнім. Дегенмен 5 азық-түлік бойынша импортқа тәуелділік бар. Жалпы алғанда құс етімен біз өзімізді 73 пайызға қамтамасыз етеміз, шұжық- 60 пайыз, балық — 60 пайыз, ірімшік пен сүзбе — 46 пайыз, қант — 44 пайыз», — деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-премьер елімізде өндірілмейтін кейбір көкөніс, жеміс-жидектің баға тұрақтылығына қатысты тәуекел туындауы мүмкіндігін айтты.

«Олардың қатарында апельсин, банан, лимон тағы басқа жемістер бар, яғни қымбаттауы мүмкін, бірақ айтарлықтай емес. Біз тұрақты мониторинг жүргізіп отырмыз, соңғы аптада ешбір тауар қымбаттаған жоқ. Бірақ, инфляцияны ұмытпағанымыз жөн. Бізде инфляция дәлізі бар — биыл 6-10 пайыз. Бұл бағаның орташа өсуін біз осы шекте күтеміз дегенді білдіреді. Экономиканың дамуы бағаның біз белгілеген шегінде өседі», — деп толықтырды Үкімет басшысының орынбасары.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *