Apple жаңа iPhone 16 моделін таныстырды

Apple iPhone 16 сериялы смартфондарын, атап атсақ, iPhone 16 Plus, iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max өнімдерін таныстырды.

Компания мәліметінше, жаңа iPhone 16 Pro желісі бұрынғыдан да үлкенірек және жылдамырақ.

Гаджеттің жаңа нұсқасы Apple Intelligence үшін арнайы әзірленген. Жасанды интеллект қолдауы бар жаңа A18 процессоры iPhone 15-те қолданылатын A16 чипінен 40 пайызға жылдамырақ жұмыс істейді. Siri енді пайдаланушылардың мәтіндік хабарламаларынан ақпарат жинай алады.

Жаңа смартфон жаңартылған дизайнмен жабдықталған. Камера линзаларының орналасуы өзгертілді. Экран өлшемі iPhone 16 нұсқасында 6,1 дюйм және iPhone 16 Plus нұсқасында 6,7 дюйм.

Гаджеттердің бес түсі болады – қара, ақшыл сары, қызғылт, жасыл және көк. 128 ГБ негізгі жады бар iPhone 16 нұсқасы 799 долларға (383 мың теңге), ал Plus 899 долларға (430 мың теңге) бағаланды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *