Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын айқын жеңді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді.

 

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі.

Көкпардан бақ сынап жатқан құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Айта кетейік, финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *