Жаңқош Тұраров пен арыз беруші әлеуметтік желіде ғана таныс болған – адвокат

Алматыда Жаңқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамутов баспасөз конференциясын өткізіп, қазақстандық боксшыға тағылған айып туралы сұрақтарға жауап берді.

— Зорлық бойынша тіркелген қылмыстық іс жабық түрде қаралады. Азаматша Әнару Құрманәлінің арызында көрсетілген деректер толығымен тексеріледі және заң органдары оған баға береді. ҚР ҚПК 201-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру деректерінің жария етілуіне жол берілмейді, – деді ол.

Сондай-ақ, Жаңқош Тұраровтың адвокаты спортшының өзі алдағы жекпе-жегіне дайындалып жүргенін айтты.

— Жаңқош 28 қыркүйек күні Алматы қаласында өз белбеулерін қорғайды. Қазір осында жаттығу жасап жүр. Бүгінгі конференцияға келгісі келген. Бірақ жақында болатын өзінің жекпе-жегіне дайындалуы керек. Сондықтан осы сұхбатты мен беремін деп шештік, – деді ол.

БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Самат Мамутов боксшы мен оған арыз беруші интернет арқылы өзара таныс болғанын растады.

— Жанқош пен арыз беруші интернет желісінде хабарласқаны бар, оны жоққа шығармайды. Екеуі әлеуметтік желіде ғана таныс болған. Бірақ ҚР ҚПК 201-бабы бойынша басқа деректерді мен жария ете алмаймын, – деді адвокат.

Еске салайық, қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *