Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 40 мыңнан асты

Бұл туралы бейсенбі күні Газаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Соңғы 24 сағат ішінде Израиль шабуылынан 40 адамды көз жұмып, тағы 107 адамды жараланды.

«2023 жылдың қазан айының басында Палестина-Израиль қақтығыс басталғаннан бері қаза тапқандардың жалпы саны 40 005-ке, жараланғандар саны 92 401-ге жетті», — делінген мәлімдемеде.

Үйінділер астында және жол шеттерінде жатқан әлі де көптеген құрбандар бар, оларға жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс бригадалары жете алмай отыр, деп қосты ведомство.

Айта кетейік, Kazinform тілшісі 14 тамызда Таяу Шығыста орын алған оқиғаларға шолу жасаған болатын.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *