Астананы айнала қойылған полиция бекеттері қашан жұмысын тоқтатады

ҚР Ішкі істер министрлігі елордаға кіреберісте қойылған полиция бекеттері жұмысын қашан аяқтайтынын нақтылады.

«Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзудың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген тәртібіне ауыстырылған. Қалаға кіреберісте «Рубеж» полициясының стационарлық бекеттері жұмыс істеді, онда құжаттар тексеріліп, автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілді», — делінген ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

полиция

Бұл бекеттер жұмысын қыркүйек айының ортасына дейін  жалғастыратыны белгілі болды.

«Қазіргі кезде бекеттер V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық кезеңінде және олар аяқталғанға дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандай да бір шектеулер қарастырылмаған», — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Астана

Еске салсақ, ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде өтті. Осыған орай, террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізіліп, әлемге белгілі тәжірибеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар елге келетін шетелдік делегациялардың, олардың ішінде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге толыққанды шаралар қабылдады.

Ал V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек күндері өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Астана саммитіне Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерден келген меймандар мен БАҚ өкілдеріне елордада өткелі отырған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылған болатын.

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *